Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 тамыз 2024 ж.

    Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.

    2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 19 тамыздағы № 232

    қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар

    Ма­ман­дық­тың ата­уы
    1
    Пе­ди­ат­рия
    2
    Аку­ше­рия және ги­не­ко­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    3
    Нео­на­то­ло­гия
    4
    Жал­пы хи­рур­гия
    5
    Жал­пы дә­рі­гер­лік прак­ти­ка
    6
    Фи­зи­ка­лық ме­ди­ци­на және оңал­ту (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    7
    Те­ра­пия
    8
    Он­ко­ло­гия (ере­сек­тер)
    9
    Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    10
    Нев­ро­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    11
    Кар­дио­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    12
    Ра­дио­ло­гия
    13
    Оф­таль­мо­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    14
    Ото­ри­но­ла­рин­го­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.