Шектеу іс-шараларын алып тастау және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Белағаш ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 4 шешімнің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 тамыз 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Белағаш ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №4 шешімнің күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Т.Қадыровтың 2024 жылы 19 тамыздағы № 325 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің Зенковка ауылындағы «Мадияр» шаруа қожалығының аумағында сауықтыру ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін өткізудің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Белағаш ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197062 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Белағаш ауылдық округінің әкімі

    М. Габдуллин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.