«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 467 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 467 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7538 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Жаңақорған кенті:
Б. Дүйсенбаев көшесі бойында орналасқан «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған аллеясы», шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;
Хорасан-Ата көшесі бойында орналасқан «Praim Park» саябағы автотұрағының аумағы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жаңақорған кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:
Абай Құнанбаев көшесі №№ 92-154 тұрғын үйлер аралығы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;
Б. Дүйсенбаев көшесі №1 тұрғын үйден бастап Әл-Мумин мешітіне дейін, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;
Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.»;
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс -тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы
Ғ. ЖАРҚЫНБЕК
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.