«Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 тамыз 2024 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8798 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі

    Е. Кошербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.