Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2025 ж.

    Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 35) тармақшасына және 18-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

    2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 20 тамыздағы

    № 559 Бұйрығына

    1-қосымша

    Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

    Ата­у­лар
    Та­у­ар­лар
    1.
    Та­мақ өнім­де­рі
    2.
    Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры
    3.
    А-4, А-3 фор­мат­ты «қа­ғаз»
    4.
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға ар­нал­ған са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық құ­рал­дар
    5.
    Га­зет қа­ға­зы (га­зет ба­су­ға ар­нал­ған қа­ғаз)
    6.
    Азық
    7.
    Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы­на шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры
    Жұ­мыстар
    1.
    Жол­дар­ды қы­ста кү­тіп-ұстау жө­нін­де­гі жұ­мыстар
    Қыз­мет­тер
    1.
    Та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    2.
    Жал­ғыз және туыс­сыз қай­тыс болған аза­мат­тар­ды жер­леу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    3.
    Мон­ша-кір жуу қыз­мет­те­рін көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    4.
    Ав­то­кө­лік қыз­мет­те­рі
    5.
    Жол қоз­ға­лы­сын рет­те­удің тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын ор­на­ту, мон­таж­дау, жөн­деу және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    6.
    Әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар­ды ұстау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер:
    1) ғи­ма­рат­тың іш­кі үй-жай­ла­рын және қа­с­бе­тін, сон­дай-ақ оған жап­сар­лас аумақ­ты та­за­лық­та ұстау;
    2) ғи­ма­рат­тар­ға жап­сар­лас аумақ­ты абат­тан­ды­ру­ды және кө­гал­дан­ды­ру­ды жүр­гі­зу және ғи­ма­рат­тар­дың ішін­де­гі жа­сыл ек­пе­лер­ді кү­тіп-бап­тау;
    3) ғи­ма­рат­тар­дың іш­кі үй-жай­ла­рын және оған жап­сар­лас аумақ­ты са­ни­тар­лық өң­деу;
    4) олар­ға жап­сар­лас аумақ­тан қо­қыс пен қар­ды шы­ға­ру;
    5) кү­зет­пен, даб­ыл­да­у­мен және ғи­ма­рат­тар­ды, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі және оған жап­сар­лас аумақ­ты кү­зе­ту жө­нін­де­гі бас­қа да қон­дыр­ғы­лар­мен қам­та­ма­сыз ету;
    6) сан­тех­ни­ка­лық, элек­тро­мон­таж­дау жұ­мыста­ры;
    7) лифт­тік жаб­дық­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
    7.
    Бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі (оның ішін­де Ин­тер­нет, спут­ник­тік, те­ле­фон, фел­дъ­егер­лік, по­шта бай­ла­ны­сы)
    8.
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді сүй­е­мел­деу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    9.
    Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ақ­па­рат­ты ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    10.
    Сер­вер­лік бөл­ме­лер­де өрт сөн­ді­ру және ауа бап­тау жүй­е­ле­ріне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    11.
    Ап­па­рат­ты-бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­дар­ға жүй­е­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    12.
    Заң жо­ба­ла­ры­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі мен тұ­жы­рым­да­ма­ла­ры­на ғы­лы­ми са­рап­та­ма жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    13.
    Ғи­ма­рат­тар­ды, үй-жай­лар­ды және (неме­се) құ­ры­лы­стар­ды жал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    14.
    Жал­ға алы­на­тын ғи­ма­рат­тар­ды, үй-жай­лар­ды және (неме­се) құ­ры­лы­стар­ды кү­тіп-ұстау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    15.
    Қыз­мет­тік және ар­на­у­лы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    16.
    Кар­три­дж­дер­ді тол­ты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    17.
    Ме­ди­ци­на­лық шы­ғын­ды­лар­ды кә­де­ге жа­ра­ту және ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды за­рар­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    18.
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар үшін же­ке кө­мек­ші­нің көр­се­те­тін әле­умет­тік қыз­мет­те­рі
    19.
    Естуі бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар үшін ым­дау ма­ма­ны­ның қыз­мет­те­рі
    20.
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға ар­на­у­лы ав­то­кө­лік­пен та­сы­мал­дай­тын ав­то­кө­лік қыз­мет­те­рін қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    21.
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­ті кү­тіп-ұстау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер.
    1) сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі;
    2) де­ко­ра­тив­тік жа­рық тү­сі­ру қыз­мет­те­рі;
    3) кө­ше­лер­ді, са­ябақ­тар­ды, сквер­лер­ді, квар­тал ішін­де­гі аумақ­ты жи­нау (ме­ха­ни­ка­лық, қол­мен жи­нау), сон­дай-ақ қо­қыс пен қар­ды шы­ға­рып әке­ту;
    4) қа­зы­ла­тын шұң­қыр­лар­дың қон­дыр­ғы­сы, одан су тар­тып шы­ға­ру және жөн­деу;
    5) нө­сер кә­рі­зін пай­да­ла­ну;
    6) субұр­қақ­тар­ды ұстау жө­нін­де­гі жұ­мыстар;
    7) сел­ге қар­сы іс-ша­ра­лар;
    8) кә­р­із­дер­ден ағын­ды су­лар­ды шы­ға­ру;
    9) қаң­ғы­бас жа­ну­ар­лар­ды аулап жи­нау;
    10) кө­мі­л­ген жер­лер­ді ағым­да­ғы кү­тіп-ұстау
    22.
    Объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    23.
    Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лік­те­рін, кө­лік құ­рал­да­ры­на ар­нал­ған тір­кеу құ­жат­та­рын (кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді және мем­ле­кет­тік нө­мір­лік тір­кеу бел­гі­ле­рін), тран­зит­тік нө­мір­лер­ді дай­ын­дау бой­ын­ша қыз­мет­тер
    24.
    Же­ке­ле­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет мен­ші­гіне ай­нал­ды­ры­л­ған (түс­кен) мү­лік­ті сақ­тау бой­ын­ша қыз­мет­тер
    25.
    Офи­стік ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сын жал­ға алу және сер­вер­лік ре­сур­стар­ды жал­ға алу бой­ын­ша қыз­мет­тер
    26.
    Энер­ги­я­мен жаб­дық­тау қыз­мет­те­рін неме­се электр энер­ги­я­сын са­тып алу-са­ту
    27.
    Аста­на қа­ла­сын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық ту­тұ­ғыр­ды кү­тіп-ұстау және қыз­мет көр­се­ту
    28.
    Ба­сып шы­ға­ру сер­ви­сі­нің қыз­мет­те­рі
    29.
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні тех­ни­ка­лық қол­дау бой­ын­ша қыз­мет­тер
    30.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік же­дел ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет­те­рі

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 20 тамыздағы

    № 559 Бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген).

    2. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24364 болып тіркелген).

    3. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26595 болып тіркелген).

    4. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 844 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29177 болып тіркелген).

    5. «Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33945 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.