Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 тамыз 2024 ж.

    Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы

    «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. 17 (он жеті) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарна айқындалсын.

    2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14102 болып тіркелген);

    2) «Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 204-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32544 болып тіркелген).

    3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.