Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 шілде 2024 ж.

    Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақтау қаласының әкімі

    А. Байпаков

    Ақтау қаласы әкімдігінің

    2024 жылғы 31 шілдедегі

    № 11-07-1949 қаулысына қосымша

    Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Таза кіріс
    3 000 000 теңгеге дейін
    Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
    Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
    Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
    4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
    Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
    34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.