2024 - 2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 шілде 2024 ж.

    2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. 2024-2025 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З.Т. Есбергеноваға жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «30» шілдедегі

    № 132 қаулысына

    1- қосымша

    2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы
    2024-2025 оқу жылына мемлекет тік білім беру тапсырыс көлемі
    Оқу жылына бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) күндізгі оқыту
    қала
    ауыл
    1
    01 Білім
    01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
    155
    387,665
    390,124
    01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
    225
    387,665
    390,124
    01140300 Көркем еңбек
    30
    387,665
    390,124
    01140500 Дене тәрбиесі және спорт
    150
    387,665
    390,124
    01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
    200
    387,665
    390,124
    01140700 Информатика
    125
    387,665
    390,124
    2
    02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    02130100 Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша)
    16
    1 202,099
    1 202,099
    02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)
    30
    1 202,099
    1 202,099
    02150300 Вокалдық өнер
    17
    1 202,099
    1 202,099
    02150400 Хорды дирижерлау
    7
    1 202,099
    1 202,099
    02150700 Хореографиялық өнер
    10
    1 202,099
    1 202,099
    02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша)
    50
    395,049
    397,508
    3
    04 Кәсіпкерлік, басқару және құқық
    04130100 Менеджмент (салалар және қолдану бойынша)
    50
    395,049
    397,508
    04130200 Логистика (салалар бойынша)
    75
    395,049
    397,508
    04140100 Маркетинг (салалар бойынша)
    50
    395,049
    397,508
    4
    06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
    100
    395,049
    397,508
    06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
    525
    395,049
    397,508
    5
    07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    07110100 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
    75
    435,661
    438,120
    07110400 Зертханалық технология
    25
    435,661
    438,120
    07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
    125
    435,661
    438,120
    07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
    50
    435,661
    438,120
    07130300 Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары
    25
    435,661
    438,120
    07130500 Жаңартылатын энергетика
    25
    435,661
    438,120
    07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
    25
    435,661
    438,120
    07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)
    250
    435,661
    438,120
    07140300 Мехатроника (салалар бойынша)
    25
    435,661
    438,120
    07140500 Сандық техника (түрлері бойынша)
    50
    395,049
    397,508
    07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару
    25
    435,661
    438,120
    07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
    25
    435,661
    438,120
    07141000 Пошта байланысы
    25
    435,661
    438,120
    07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша)
    125
    435,661
    438,120
    07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
    195
    435,661
    438,120
    07150600 Слесарь ісі
    45
    395,049
    397,508
    07150900 Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау
    25
    435,661
    438,120
    07151100 Машиналар
    мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)
    100
    435,661
    438,120
    07160500 Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
    50
    435,661
    438,120
    07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
    595
    435,661
    438,120
    07211300 Тағам өндірісінің технологиясы
    25
    435,661
    438,120
    07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
    185
    435,661
    438,120
    07230200 Тері және тон бұйымдарын өндіру технологиясы
    25
    435,661
    438,120
    07310100 Архитектура
    75
    435,661
    438,120
    07310400 Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру
    25
    435,661
    438,120
    07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
    75
    435,661
    438,120
    07320200 Құрылыстағы сметалық жұмыс
    25
    435,661
    438,120
    07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері
    25
    435,661
    438,120
    07320800 Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
    50
    435,661
    438,120
    07321100 Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану
    25
    435,661
    438,120
    07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану
    50
    435,661
    438,120
    6
    08 Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария
    08110100 Агрономия
    25
    395,049
    397,508
    08410100 Ветеринария
    25
    395,049
    397,508
    7
    09 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
    09110200 Ортопедиялық стомотология
    25
    395,049
    397,508
    09120100 Емдеу ісі
    125
    395,049
    397,508
    09130100 Мейіргер ісі
    250
    395,049
    397,508
    09130200 Акушерлік іс
    25
    395,049
    397,508
    09230100 Әлеуметтік жұмыс
    50
    395,049
    397,508
    8
    10 Қызметтер
    10130100 Қонақ үй бизнесі
    50
    435,661
    438,120
    10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру
    355
    435,661
    438,120
    10150100 Туризм
    25
    435,661
    438,120
    10320200 Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)
    50
    435,661
    438,120
    10410200 Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
    50
    435,661
    438,120
    10410400 Жол қозғалысын ұйымдастыру
    50
    435,661
    438,120
    10410500 Су көлігін пайдалану (бейін бойынша)
    50
    527,961
    530,420

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «30» шілдедегі

    № 132 қаулысына

    2 - қосымша

    2024-2025 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы
    2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі
    Оқу жылына бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) күндізгі оқыту
    қала
    ауыл
    1
    01 Білім
    01130100 Логопедия
    25
    387,665
    390,124
    01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
    25
    387,665
    390,124
    01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
    50
    387,665
    390,124
    2
    07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)
    25
    435,661
    438,120
    3
    09 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыру
    09130100 Мейіргер ісі
    50
    395,049
    397,508

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.