«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 тамыз 2024 ж.

    «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 16 тамыздағы

    № 62 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    міндетін атқарушының

    2020 жылғы 30 қазандағы

    № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына

    1-қосымша

    Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

    № п/п
    Ны­са­на­лы то­бы
    Скри­нинг­тік зерт­те­улер­дің тү­рі
    1
    Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зия, жү­рек­тің ише­мия ау­ру­ла­ры, мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­ры­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зи­я­ны, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руын, мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­рын ер­те анық­тау үшін
    2
    Қант диа­бе­ті­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    Қант диа­бе­тін ер­те анық­тау үшін
    3
    Сүт бе­зі­нің қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    Сүт бе­зі обы­рын ер­те анық­тау үшін
    4
    Жа­тыр мой­ны­ның қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­ма­ған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    Жа­тыр мой­ны обы­рын ер­те анық­тау үшін
    5
    Жу­ан ішек­тің қа­тер­сіз және қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    Ко­ло­рек­таль­ды обыр­ды ер­те анық­тау үшін
    6
    Тәу­е­кел топ­та­ры:
    1) ме­ди­ци­на жұ­мыс­кер­ле­рі:
    - ин­ва­зив­ті ем­ша­ра­лар­ды жүр­гі­зе­тін, қан өн­ді­ру­ге қа­ты­са­тын, ге­мо­ди­а­лиз­бен ай­на­лы­са­тын қан қыз­ме­ті ұй­ым­да­ры;
    - хи­рур­ги­я­лық, сто­ма­то­ло­ги­я­лық, ги­не­ко­ло­ги­я­лық, аку­шер­лік, ге­ма­то­ло­ги­я­лық бей­ін­дер, со­ны­мен қа­тар ди­а­гно­сти­ка мен ем­де­удің ин­ва­зив­ті әді­сте­рін жүр­гі­зе­тін;
    - кли­ни­ка­лық, им­му­но­ло­ги­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­лар;
    2) жос­пар­лы және шұ­ғыл хи­рур­ги­я­лық ара­ла­су­лар­ға жат­қы­зы­л­ған па­ци­ент­тер;
    3) ге­мо­ди­а­лиз, ге­ма­то­ло­гия, он­ко­ло­гия, транс­план­та­ция, жү­рек-қан та­мыр­ла­ры және өк­пе хи­рур­ги­я­сы ор­та­лық­та­ры мен бө­лім­ше­ле­рі­нің па­ци­ент­те­рі;
    4) ге­мот­ранс­фу­зия, ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лік­те­рін), тін­дер­ді, жы­ны­стық, фе­тал­дық, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды транс­план­тат­тау және ауы­сты­рып отыр­ғы­зу­ды ала­тын па­ци­ент­тер;
    5) жүк­ті әй­ел­дер;
    6) өмір сал­ты­ны­ның ерекше­лік­те­ріне бай­ла­ны­сты АИТВ-ин­фек­ци­я­сын жұқ­ты­ру­дың жо­ға­ры тәу­е­ке­ліне ұшы­рай­тын ха­лық­тың негіз­гі топ­та­рын­да­ғы адам­дар.
    В және С ви­ру­сты ге­па­ти­тін ер­те анық­тау үшін (2 ке­зең)

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 16 тамыздағы

    № 62 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    міндетін атқарушының

    2020 жылғы 30 қазандағы

    № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына

    2-қосымша

    Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімділігін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

    1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

    2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

    3) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ);

    4) скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;

    5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

    3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

    Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.

    4. Скринингтік зерттеулер динамикалық байқауда тұрмайтын адамдарға аурулардың тиісті түрлері бойынша жүргізіледі.

    2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі

    5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.

    6. Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:

    1) халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

    2) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;

    3) халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;

    4) скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;

    5) МАЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;

    6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.

    7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:

    дайындық кезеңі;

    негізгі кезеңі:

    пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен (бұдан әрі – бірінші кезең);

    түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен (бұдан әрі – екінші кезең);

    қорытынды кезеңінен тұрады.

    8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері (бұдан әрі – ОМЖ) жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

    күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау;

    халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету;

    скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.

    9. Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді.

    Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:

    1) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

    2) антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;

    3) қан қысымын өлшеу (бұдан әрі – ҚҚ);

    4) экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;

    5) скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;

    6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.

    10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.

    11. АЕК ұйымының дәрігері бірінші кезеңдегі скринингтік зерттеп-қарауды:

    қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқу болмаған жағдайда;

    денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын анықтаған кезде және ҚҚ қалыпты көрсетілімдері, саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізе отырып, зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері кезінде аяқтайды.

    12. Пациентте қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулар болса, АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.

    Скринингтік зерттеудің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқу себептерін белгілеу үшін жүзеге асырылады.

    13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қарап-тексеруге жататын медицина жұмыскерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

    14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

    15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.

    16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.

    17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

    Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

    Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктіліктің, аурудың себебі бойынша) белгіленген мерзімділікті сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.

    Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.

    Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша өтінішіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу.

    Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

    Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.

    3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі

    18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулер көлемін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметке лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүзеге асырады.

    19. Халықты скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

    20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

    Скринингтік зерттеулерді

    жүргізудің қағидалары, көлемі

    мен мерзімділігіне

    1-қосымша

    Скринингтік зерттеулерге жататын халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

    Ны­са­на­лы то­бы
    Ке­зең
    Скри­нинг­тік зерт­те­улер кө­ле­мі
    Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­тер топ­та­ма­сы­ның ата­уы
    1
    Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зи­я­мен, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы­мен, мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­ры­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: мей­ір­гер неме­се фельд­шер;
    Қан са­ры­суын­да­ғы жал­пы хо­ле­сте­рин­ді анық­тау;
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    2
    Қан са­ры­суын­да­ғы тө­мен тығ­ы­здық­ты ли­по­про­те­ид­тер­ді ана­ли­за­тор кө­ме­гі­мен анық­тау;
    Элек­тро­кар­дио­гра­фи­я­лық зерт­те­уді (12 жал­ға­мы) ашып жа­зу
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы­лық дә­рі­гер неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    2
    Гла­у­ко­ма­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер неме­се фельд­шер;
    Ма­кла­ков бой­ын­ша кө­зі­ші­лік қы­сым­ды өл­шеу неме­се жа­на­спай­тын пнев­мо­то­но­мет­рия
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    2
    Кон­суль­та­ция: Оф­таль­мо­лог
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    МӘМС
    3
    Қант диа­бе­ті­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер неме­се фельд­шер;
    Экс­пресс әдіспен қан са­ры­суын­да­ғы глю­ко­за­ны анық­тау
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    2
    Қан­да­ғы гли­ко­ли­зир­лен­ген ге­мо­гло­бин­ді тал­да­уыш кө­ме­гі­мен анық­тау
    МӘМС
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    4
    Сүт бе­зі­нің қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер, фельд­шер
    Мам­мо­гра­фия (4 су­рет)
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    Кон­суль­та­ция (рент­ге­но­грам­ма­ны екін­ші рет оқу);
    Кон­суль­та­ция: Рент­ге­но­лог
    МӘМС
    2
    Сүт без­де­рі­нің уль­тра­ды­быст­ық зерт­те­уі;
    Мақ­сат­ты мам­мо­гра­фия (1 про­ек­ция);
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша сте­рео­так­ти­ка­лық же­тек­ші­лік­пен пунк­ци­я­лық/ас­пи­ра­ци­я­лық биоп­сия;
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 3-күр­де­лі­лік са­на­тын­да­ғы опе­ра­ци­я­лық-биоп­си­я­лық ма­те­ри­а­лы­ның 1 блок-пре­па­ра­тын ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу;
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша тре­пан­биоп­сия;
    Кон­суль­та­ция: он­ко­лог неме­се он­ко­лог-хи­рург неме­се мам­мо­лог
    МӘМС
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    5
    Жа­тыр мой­ны­ның қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер неме­се фельд­шер неме­се аку­шер;
    Он­ко­ци­то­ло­ги­я­ға сүр­т­ін­ді алу;
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    Жа­тыр мой­ны­нан сүр­т­ін­ді­ні ци­то­ло­ги­я­лық зерт­теу сұй­ық­тық ци­то­ло­гия ап­па­ра­тын­да­ғы ПАП-тест
    МӘМС
    2
    Кон­суль­та­ция: аку­шер-ги­не­ко­лог;
    Бей­не­коль­по­ско­пия неме­се коль­по­ско­пия;
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша жа­тыр мой­ны биоп­си­я­сы;
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 3-күр­де­лі­лік са­на­тын­да­ғы опе­ра­ци­я­лық-биоп­си­я­лық ма­те­ри­а­лы­ның 1 блок-пре­па­ра­тын ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу;
    Кон­суль­та­ция: Он­ко­лог неме­се он­ко­лог-хи­рург неме­се он­ко­лог-ги­не­ко­лог
    МӘМС
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    6
    Жу­ан ішек­тің
    қа­тер­лі және қа­тер­сіз іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер, фельд­шер
    ТМККК
    Экс­пресс әдіспен нә­жі­сте жа­сы­рын қан­ды анық­тау (ге­мо­культ-сы­на­ма)
    Қа­был­дау (1-ке­зең­ді аяқ­тау неме­се 2-ке­зең­ге жі­бе­ру үшін): Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    МӘМС
    2
    Жап­пай скри­нинг­тік бей­не­ко­ло­но­ско­пия;
    Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша 3- күр­де­лі­лік са­на­тын­да­ғы опе­ра­ци­я­лық-биоп­си­я­лық ма­те­ри­а­лы­ның 1 блок-пре­па­ра­тын ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу;
    Кон­суль­та­ция: Он­ко­лог
    МӘМС
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    7
    В және С ви­ру­стық ге­па­ти­тін ер­те анық­тау үшін қа­уіп то­бын­да­ғы адам­дар­ды скри­нинг­тік зерт­теу (2 ке­зең)
    1
    Қа­был­дау: Мей­ір­гер неме­се фельд­шер;
    Ве­на­дан қан алу
    ТМККК
    2
    ИФТ әді­сі­мен қан са­ры­суын­да­ғы HbsAg анық­тау;
    ИФТ әді­сі ар­қы­лы қан са­ры­суын­да­ғы С ге­па­ти­ті ви­ру­сы­на жиын­тық ан­ти­де­не­лер­ді анық­тау;
    Са­па­лы ПТР әді­сін қол­да­ну ар­қы­лы био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да С ге­па­ти­ті ви­ру­сы­ның РНҚ-сын анық­тау
    МӘМС
    Қа­был­дау: Те­ра­певт, От­ба­сы дә­рі­ге­рі неме­се Жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
    ТМККК
    Ескертпе:
    ТМККК
    -
    Тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі
    МӘМС
    -
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
    РНҚ
    -
    Рибонуклеин қышқылы
    ПТР
    -
    Полимеразды-тізбекті реакция

    Скринингтік зерттеулерді

    жүргізудің қағидалары, көлемі

    мен мерзімділігіне

    2-қосымша

    Халықтың скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен аяқталу мерзімдері

    Ны­са­на­лы топ­тың ата­уы
    Мер­зім­ді­лі­гі
    Зерт­те­удің аяқ­тау мер­зі­мі
    1
    Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зия, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы, мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­ры­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    2 жыл­да 1 рет
    60 күн
    2
    Қант диа­бе­ті бой­ын­ша ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    2 жыл­да 1 рет
    60 күн
    3
    Сүт бе­зі­нің қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    2 жыл­да 1 рет
    60 күн
    4
    Жа­тыр мой­ны­ның қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жас­та­ғы әй­ел­дер
    4 жыл­да 1 рет
    60 күн
    5
    Жу­ан ішек­тің қа­тер­сіз және қа­тер­лі іс­ік­те­рі бой­ын­ша ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ма­ған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер
    2 жыл­да 1 рет
    60 күн
    6
    В және С ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін ер­те анық­та­у­ға аза­мат­тар­дың де­крет­тел­ген са­нат­та­ры (2-ке­зең)
    6 ай­да 1 рет­тен жиі емес
    3 ай

    Скринингтік зерттеулерді

    жүргізудің қағидалары,

    көлемі мен мерзімділігіне

    3-қосымша

    В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері

    Р/с №
    В және С ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін ер­те анық­та­у­ға тәу­е­кел топ­та­ры­на скри­нинг­тік зерт­те­улер жүр­гі­зу мер­зім­де­рі
    Тәу­е­кел то­бы
    1
    Жұ­мысқа ор­на­ла­су ке­зін­де және кей­ін­нен ал­ты ай­да бір рет
    Ме­ди­ци­на жұ­мыс­кер­ле­рі:
    ге­мо­ди­а­лиз­бен ай­на­лы­са­тын, қан­ды қай­та өн­ді­ру­ге қа­ты­са­тын ин­ва­зив­тік ем­ша­ра­лар жүр­гі­зе­тін қан қыз­ме­ті ұй­ым­да­ры;
    хи­рур­ги­я­лық, сто­ма­то­ло­ги­я­лық, ги­не­ко­ло­ги­я­лық, аку­шер­лік, ге­ма­то­ло­ги­я­лық бей­ін­дер, сон­дай-ақ ди­а­гно­сти­ка мен ем­де­уді жүр­гі­зе­тін ин­ва­зив­ті әді­сте­рі;
    кли­ни­ка­лық, им­му­но­ло­ги­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­лар
    2
    Опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар­дың ал­дын­да және опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі ал­ты ай­дан кей­ін
    Жос­пар­лы және шұ­ғыл опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар­ға тү­се­тін адам­дар;
    3
    Ем­де­у­ге жат­қызуға түс­кен­нен кей­ін және ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­нан кей­ін ал­ты ай­дан кей­ін
    Ге­мо­ди­а­лиз, ге­мо­то­ло­гия, он­ко­ло­гия, транс­план­то­ло­гия, жү­рек та­мыр және өк­пе хи­рур­ги­я­сы ор­та­лық­та­ры мен бө­лім­ше­ле­рі­нің па­ци­ент­те­рі;
    4
    Ге­мот­ранс­фу­зия, транс­план­та­ция жүр­гі­зер және ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лік­те­рін), тін­де­рін, жы­ны­стық, фе­таль­ді, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­рын ауы­сты­рып са­лу ал­дын­да және ал­ты ай­дан кей­ін;
    Ге­мот­ранс­фу­зия ала­тын, транс­план­тат­тау жа­са­та­тын және ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лік­те­рін), тін­де­рін, жы­ны­стық, фе­таль­ді, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­рын ауы­сты­рып са­ла­тын па­ци­ент­тер;
    5
    Есеп­ке қой­ған кез­де және ви­ру­сты ге­па­ти­тіне зерт­теп-қа­рау бол­ма­ған жағ­дай­да, боса­нар ал­дын­да
    Жүк­ті әй­ел­дер
    6
    АИТВ ин­фек­ци­я­сы­на те­сттен өту үшін жү­гін­ген кез­де және ал­ты ай­да 1 рет­тен жиі емес
    Өмір сү­ру сал­ты­ның ерекше­лік­те­ріне бай­ла­ны­сты АИТВ ин­фек­ци­я­сын жұқ­ты­ру­дың жо­ға­ры тәу­е­ке­ліне ұшы­рай­тын ха­лық­тың негіз­гі топ­та­рын­да­ғы адам­дар

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.