Шортанды ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылдыдеп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 сәуір 2016 ж.

    Шортанды ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылдыдеп тану туралы

    2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

    Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 қаулысы «Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-114 болып тіркелген, 2010 жылғы 05 маусымдағы аудандық «Вести» газетінде жарияланған, 2010 жылғы 05 маусымдағы аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған);

    Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/228 қаулысы «Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 «Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3879 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық «Вести» газетінде жарияланған, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

    Аудан әкімі

    Г. Сәдуақасова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.