«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік норма нысанын әзірлеу және бекіту;»;
80) және 81) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 184-1) және 184-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«184-1) отандық шикізат тауарларының тізбесін әзірлеу және бекіту;
184-2) отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензиялар беру;»;
358) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«358) кен орындарын игерудің техникалық жобаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 358-1) тармақшамен толықтырылсын:
«358-1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 425-1) және 425-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«425-1) құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы мемлекеттік инспекторлар актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
425-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау;».
2. Осы қаулы:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын;
2) 2024 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.