Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Қостанай облысы мәслихатының «Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5870 болып тіркелген) шешімі;
Қостанай облысы мәслихатының «Мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 «Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 27 маусымдағы № 41 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6553 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы
М. Жутаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.