Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдері жойылсын:
1) Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 37 «Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7669 болып тіркелген) шешімі;
2) Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 39 «Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 «Карантин белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7699 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі
С. Бітімбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.