Шектеу іс-шараларын тоқтату Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 7 тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 15-4/30 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Хромтау ауданы Абай ауылдық округі Абай ауылы аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Хромтау ауданы Абай ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29568 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылдық округінің әкімі
А. Мустафин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.