Қосшы қаласы мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшы қаласы мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын:
«Ақмола облысы «Қосшы қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 35/6-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183931 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосшы қаласы мәслихаты төрағасының м.а.
Е.Ділдәбек
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.