«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 89 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 89 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларында:

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.».

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    Н. Байбазаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.