«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 тамыз 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 243-4) тармақшамен толықтырылсын:

    «243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;

    380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»;

    мынадай мазмұндағы 397-1), 397-2) және 397-3) тармақшалармен толықтырылсын:

    «397-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    397-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;

    397-3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;»;

    мынадай мазмұндағы 467-13), 467-14), 467-15), 467-16), 467-17), 467-18), 467-19), 467-20), 467-21), 467-22) және 467-23) тармақшалармен толықтырылсын:

    «467-13) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;

    467-14) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;

    467-15) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

    467-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;

    467-17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;

    467-18) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

    467-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    467-20) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

    467-21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;

    467-22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

    467-23) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ол белгілеген тәртіппен қызметтің реттелетін салаларындағы ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;».

    2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.