«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2024 ж.

    «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

    18-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

    82-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен және 3-тармағымен көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.»;

    123-тармақтың 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі өтінім беру сатысында өтінімді сәйкес келтіру құқығынсыз веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.»;

    206-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда.»;

    263-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Заңның 7-бабы 1-тармағының1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.»;

    11-тарау алып тасталсын;

    316-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап осы Қағидалардың 284 және 287-тармақтарының негізінде жүзеге асырылған бір көзден сатып алу тәсілінің қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын электрондық дүкен арқылы сатып алу нәтижелері бойынша жасалған шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.»;

    321-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидалардың 283, 284 және 287-тармақтары негізінде жүзеге асырылған бір көзден алу, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты белгілей алады.»;

    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

    Тендерлік құжаттамада:

    24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда автоматты түрде қабылдамайды.»;

    43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Заңның 7-бабында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар болса. Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша тендерлік комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;»;

    60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тапсырыс беруші веб-портал автоматты түрде айқындайтын, Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, Қағидалардың 21, 22, 23, 24 және 25-қосымшаларына сәйкес үлгілік шартқа сәйкес жасалған, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарт жобасын жеңімпазға жібереді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:

    Аукциондық құжаттамада:

    24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Заңның 7-бабы 1-тармақшасының 1) тармағында және 3-тармағында көзделген.»;

    55-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Заңның 7-бабымен көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар болса. Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс. Сатып алуға қатысуға байланысты өзге шектеулер бойынша аукциондық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;».

    2. Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Биржанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.