Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 30 «Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2024 ж.

    Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 30 «Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Кентау қалалық мәслихатының «Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 8 тамыздағы №30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6335-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 8-тармағы алынып тасталсын;

    көрсетілген шешiмiнің 2-қосымшасының 9-тармағындағы «Кентау қаласының» сөздері «әкімшілік-аумақтық бірліктің» сөздерімен ауыстырылсын;

    көрсетілген шешімнің 3 қосымшасындағы «400» саны «800» санымен ауыстырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кентау қалалық мәслихатының төрағасы

    К. Елеусизов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.