Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 27/8-05 «Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2024 ж.

    Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 27/8-05 «Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі №27/8-05 «Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2657 болып тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

    Осы шешімімен бекітілген Түлкібас ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 8 және 11 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

    «8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Түлкібас аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін;

    11. Грамота Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасымен немесе ол уәкілдік берген тұлғалармен Түлкібас аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түлкібас ауданында өткізілген ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Х. Байысбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.