Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Ш.Халмурадов
Сайрам аудандық мәслихатының
2024 жылғы 6 тамыздағы
№19-138/VIII шешіміне 1 қосымша
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардағы D (қосалқы персонал) блоктарына жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
|
№ р/с
|
Буындар мен біліктілік разрядтар атауы
|
Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері
|
|
1
|
D (қосалқы персонал)
|
50%
|
|
2
|
1
|
50%
|
|
3
|
2
|
50%
|
|
4
|
3
|
50%
|
|
5
|
4
|
50%
|
|
6
|
5
|
50%
|
Сайрам аудандық мәслихатының
2024 жылғы 6 тамыздағы
№19-138/VIII шешіміне 2 қосымша
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
|
№ р/с
|
Буындар мен біліктілік разрядтар атауы
|
Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері
|
|
1
|
А1-3
|
50%
|
|
2
|
А1-3-1
|
50%
|
|
3
|
А2-3
|
50%
|
|
4
|
А3-3
|
50%
|
|
5
|
В4-1
|
50%
|
|
6
|
С-2
|
50%
|
|
7
|
D (қосалқы персонал)
|
50%
|
|
8
|
1
|
50%
|
|
9
|
2
|
50%
|
|
10
|
3
|
50%
|
|
11
|
4
|
50%
|
|
12
|
5
|
50%
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.