Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2024 ж.

    Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/152-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    4-тармақта:

    тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;

    оныншы абзац алып тасталсын;

    он бірінші абзац алып тасталсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы м.у.а

    Е.Медетбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.