Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы «Заңтөбе» бөлігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы «Заңтөбе» бөлігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 1 сәуірдегі №144 ұсынысы негізінде және ұсақ малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы «Заңтөбе» бөлігінің ұсақ малында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. «Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С.Гайсин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сарытоғай ауылдық округінің әкімі

    А.Әлжан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.