«Сайлау учаскелерiн құру туралы» Арал ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 28-ш шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2024 ж.

    «Сайлау учаскелерiн құру туралы» Арал ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 28-ш шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Арал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Сайлау учаскелерiн құру туралы» Арал ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 28-ш шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    осы шешімнің қосымшасындағы № 8 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

    № 8 сайлау учаскесі

    Орталығы: Аралқұм ауылдық округі, Аралқұм ауылы, Аралқұм көшесі № 228, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 61 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Шекарасы: Аралқұм, Мойнақ ауылдары;

    осы шешімнің қосымшасындағы № 9 сайлау учаскесі алынып тасталсын;

    осы шешімнің қосымшасындағы № 13, 16 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

    № 13 сайлау учаскесі

    Орталығы: Райым ауылдық округі, Қызылжар ауылы, Жақсығұл Жалғасбаев көшесі № 16, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 81 орта мектебі»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Шекарасы: Қызылжар ауылы;

    № 16 сайлау учаскесі

    Орталығы: Жетес би ауылдық округі, Райым ауылы, Райым көшесі № 30, «Жетес би ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Райым ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

    Шекарасы: Райым ауылы;

    осы шешімнің қосымшасы № 388 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

    № 388 сайлау учаскесі

    Орталығы: Жетес би ауылдық округі, Ескіұра ауылы, Ескіұра көшесі № 9, «Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 281 негізгі мектебі»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Шекарасы: Ескіұра ауылы.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Арал ауданының әкімі

    А. Оңғарбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Арал аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.