«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2024 ж.

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30832 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

    6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «жауапты қызметкер 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін тексереді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі — Комиссия) қарауына ұсынады.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерге, электрондық үкiметтiң ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;

    1-қосымшада:

    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    8.
    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    1) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру:
    көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
    осы Негізгі талаптардың тізбесінің 6-тармағында көзделген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
    жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетін көрсете отырып, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.
    Іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
    1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын негізгі біліктілік талаптары (бұдан әрі — ЖЖОКБҰ) бакалавриат, магистратура, резидентура және докутарантураның білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 және 9-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегі № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі — № 2 бұйрық) және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) (бұдан әрі — № ҚР ДСМ-63) және «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 4 бұйрығы) сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде (тілдерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген білім беру бағдарламасының электрондық көшірмесі;
    «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласы бойынша кадрларды даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – № 2 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде (тілдерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері;
    оқу әдебиеті қорының жыл сайынғы жаңартылуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
    кітапхана қорларын бірлесіп пайдалануға арналған кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    денсаулық сақтау ұйымының білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадрларды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына жол беріледі;
    ғимараттарға (оқу корпустарына), клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
    өрт жабдығының жарамдылығын қамтамасыз ететін ұйыммен жасалған шарттардың (келісімдердің) және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттың электрондық көшірмелері;
    эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның электрондық көшірмесі;
    «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша – білім алушылардың оқу кезеңін қамтитын және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес денсаулық сақтау саласында аккредиттелген ересектер мен балалар бейінін қоса алғанда («Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ — 43 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22844 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-43 бұйрығы) клиникалық база бойынша шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттардың көлемі, курсты өткізу кезеңі көрсетілген сертификат, курс қорытындылары бойынша тындаушының есебі (курстың мазмұнында қолжетімділігі шектеулі мәліметтер болған жағдайларды қоспағанда);
    жатақханалардың болуы туралы және/немесе ЖЖОКБҰ басшысымен бекітілген хостелдермен/қонақ үйлермен шарттар туралы және білім алушылардың тұруы үшін үй-жайлардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтер («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды);
    басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат; Білім туралы берілген құжаттардың, дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік диссертациялардың жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасының (мұрағатының) тестілік қолжетімділігіне сілтеме («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадрлар даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды).
    2. ЖЖОКБҰ білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптары:
    «Бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін:
    осы негізгі талаптардың тізбесіне 5 және 10-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен практикадан өтуге арналған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    «Педагогикалық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша – дуальды оқыту жөніндегі шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес стратегиялық әріптестік туралы меморандумдардың (кемінде екі) және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес тәлімгерлік туралы шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері. Шарттар (келісімдер) білім алушылардың толық оқу кезеңін қамтуы тиіс және мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.
    «Магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 5 және 10-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    оқу кезеңінде жарамды ынтымақтастық туралы және шетелдік консультанттарды тарту жөніндегі шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері. Тек шет тілдерінде жасалған келісімдерді және/немесе шарттарды ұсынған кезде оларды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару талап етіледі;
    оқу кезеңіне қолданылатын техникалық ерекшелікті (тапсырманы) және жұмыстардың күнтізбелік жоспарын қоса бере отырып, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері; практиканы ЖЖОКБҰ-да өткен жағдайда – растайтын құжаттардың көшірмесі. Практика мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттар (келісімдер) оқу кезінде қолданыста болуы тиіс және шартты ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. Тек шет тілдерінде жасалған шарттарды (келісімдерді) ұсынған кезде оларды мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармамен сүйемелдеу талап етіледі.
    Резидентура білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 10 және 11-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    білім алушылардың оқу кезеңін қамтитын және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес денсаулық сақтау саласында аккредиттелген ересектер мен балалар бейіндерін қоса алғанда (№ ҚР ДСМ - 43 бұйрығына сәйкес), резидентура базалары ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың (кемінде екі) және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес стратегиялық әріптестік шарттардың (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 5 және 10-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    оқу кезеңіне қолданылатын техникалық ерекшелікті (тапсырманы) және жұмыстардың күнтізбелік жоспарын қоса бере отырып, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    шетелдік ЖЖОКБҰ-мен ғылыми алмасу туралы, оның ішінде шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жөніндегі шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері. Оқыту кезінде шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін қолданыстағы шарттардың (келісімдердің) болуы («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадрлар даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды);
    кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    практиканы ЖЖОКБҰ-да өткен жағдайда растайтын құжаттардың көшірмесі. Практика мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттар (келісімдер) оқу кезінде қолданыста болуы тиіс және шартты ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында кадрлар даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды);
    зертханаларды аккредиттеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері немесе аккредиттелген зертханалармен шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері. Шарттар (келісімдер) оқу кезеңінде қолданыста болуы тиіс және шартты ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.
    «Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген) кадрларды даярлау бағыттарын қоспағанда, онлайн-оқыту нысанында білім беру бағдарламаларын іске асыратын ЖЖОКБҰ қызметі үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 1, 5, 6 және 8-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    № 2 бұйрыққа сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген кадрларды даярлау бағытына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының мемлекеттік және оқыту тілінде (тілдерінде) электрондық көшірмелері;
    ЖЖОКБҰ ресми платформасында жаппай ашық онлайн-курсқа және халықаралық білім беру платформаларына жазылуға сілтеме және тестілік қолжетімділік;
    басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей (парафраз), сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік ауыстыра отырып, мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат;
    біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттардың көлемі, курсты өткізу кезеңі көрсетілген сертификат, курс қорытындылары бойынша тындаушының есебі.
    Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша (сонымен қатар бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен құрылған) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құрған халықаралық және шетелдік оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметі үшін:
    осы Негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9 және 10-қосымша ларға сәйкес мәліметтер нысандары;
    ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген және оқудың толық кезеңіне қазақ, ағылшын тілдерінде және оқыту тілінде (тілдерінде) әзірленген білім беру бағдарламасының электрондық көшірмесі.
    оқу әдебиеті қорының жыл сайынғы жаңартылуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
    кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен оқудың толық мерзімін қамтитын кітапхана қорларын пайдалануға арналған шарттардың (кемінде екі) электрондық көшірмелері;
    қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген, қолданылу мерзімі кемінде 10 (он) жыл болатын ғимаратты (оқу корпустарын) пайдалану құқығына арналған шарттардың электрондық көшірмелері;
    санитариялық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізуге арналған оқу үй-жайларының болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
    тамақтану және медициналық қызмет көрсету объектілерінің болуын және олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
    лицензиаттың басшысымен бекітілген жатақханалар және/немесе хостелдер/қонақ үйлермен шарттар туралы ақпарат; жатақханалардың/ хостелдердің/қонақ үйлердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қорытындысының электрондық көшірмесі;
    материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер;
    ақпараттық жүйе туралы мәліметтер;
    біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оның ішінде:
    курстың тақырыбы, игерілген сағаттардың көлемі, курсты өткізу кезеңі көрсетілген сертификат, курс қорытындылары бойынша тындаушының есебі;
    басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей (парафраз), сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік ауыстыра отырып, мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат;
    білім туралы берілген құжаттардың, дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік диссертациялардың жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасының (мұрағатының) тестілік қолжетімділігіне сілтеме;
    білім беру бағдарламасына сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен практикадан өтуге арналған шарттардың (кемінде екі) электрондық көшірмелері.
    2) Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
    көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
    электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
    алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
    заңның 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тәртіпте лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы Негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады.
    3) Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
    заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе болу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы Негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;
    Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің шлюзі арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
    ».
    1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім министрі

    2024 жылғы 5 тамыздағы

    № 390 бұйрығына

    1-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    1-қосымша

    Нысан

    Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер

    _________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

    № п/п
    Кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты­ның оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның пән­де­рі
    Оқу әде­би­е­ті
    Оқу-әді­сте­ме­лік әде­би­ет
    Ғы­лы­ми әде­би­ет
    Оқу әде­би­е­ті қо­ры­ның жыл сай­ын­ғы жа­ңар­ты­луы ту­ра­лы ақ­па­рат, сон­дай-ақ әде­би­ет­тің са­тып алын­ған жы­лы
    Дәлел­ді ме­ди­ци­на бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық де­ректер ба­за­сы­на ин­сти­ту­ци­о­нал­дық жа­зы­лу­дың, кі­та­п­ха­на­лар­ға жа­зы­лу­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат («Ден­са­улық сақ­тау» кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты бой­ын­ша) **
    ба­сып шы­ға­ры­л­ған ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі)
    элек­трон­дық ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі) *
    ба­сып шы­ға­ры­л­ған ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі)
    элек­трон­дық ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі) *
    ба­сып шы­ға­ры­л­ған ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі)
    элек­трон­дық ба­сы­лым­дар фор­ма­тын­да (ата­уы, ав­тор­ла­ры, ба­сы­лып шық­қан ті­лі) *
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    * онлайн білім алуға лицензия алу кезінде электрондық басылымдардағы әдебиеттер туралы ақпарат беріледі
    ** «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты үшін

    Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    бұйрығына 2-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    2-қосымша

    Нысан

    Медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер

    __________________________________________________________________________

    (білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)

    Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы
    Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)
    Медициналық орталықтардың жабдықталуы туралы ақпарат
    Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер
    1
    2
    3
    4
    * Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

    Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    бұйрығына 3-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    3-қосымша

    Нысан

    Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер

    __________________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

    Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы
    Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)
    Тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы(күні және нөмірі)
    Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы және жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)
    1
    2
    3
    4

    Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    бұйрығына 4-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    4-қосымша

    Нысан

    Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер

    ________________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

    Бі­лім бе­ру про­це­сі жүр­гі­зі­ле­тін құ­ры­лы­стың (оқу кор­пу­ста­ры­ның) нақ­ты ме­кен­жайы
    Мен­шік құқы­ғын­да, ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­де неме­се же­дел бас­қа­ру неме­се се­нім­гер­лік бас­қа­ру құқы­ғы­на ти­е­сі­лі құ­ры­лы­стар­дың (оқу кор­пу­ста­ры­ның) құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет *
    Оқу про­це­сін­де қол­да­ны­ла­тын үй-жай­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ауди­то­ри­я­лар, ка­би­нет­тер, нақ­ты аумақ­тар­да­ғы прак­ти­ка­лық са­бақ­тар­ға ар­нал­ған бөл­ме­лер, акт және спорт зал­да­ры), үй-жай­лар ала­ңы (шар­шы метр) **
    Оқу, ғы­лы­ми зерт­ха­на­лар, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ка­би­нет­те­рі, по­ли­гон­дар, тир­лер, кли­ни­ка­лық ба­за­лар, нақ­ты бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на ар­нал­ған ше­бер­ха­на­лар (сту­ди­я­лар) ту­ра­лы ақ­па­рат, үй-жай­лар ала­ңы (шар­шы метр) **
    Ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар бі­лім алушы­лар­ға тең жағ­дай­лар­дың жа­са­луы, ин­клю­зив­ті бі­лім бе­ру­ге ар­нал­ған ар­найы ка­би­нет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат (оқу құ­рал­да­ры­мен, оқу әде­би­е­ті­мен жаб­дық­тал­ған, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­мен бей­ім­дел­ген), үй-жай­лар ала­ңы (шар­шы метр) **
    Әле­умет­тік және бас­қа мақ­сат­та­ғы үй-жай­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (өт­кі­зу жуы­на­тын бөл­ме­лер (уни­та­здар, қол жу­ғы­штар), үй-жай­лар ала­ңы (шар­шы метр) **
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның үй-жай­ла­рын­да және ір­ге­лес жа­тқан аумақ­та­рын­да бей­не­ба­қы­ла­удың бо­луы, тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар
    Мұқ­таж бі­лім алушы­лар­дың тұ­руы үшін жағ­дай жа­сау (жа­тақ­ха­на­лар/хо­стел­дер/қо­нақ үй­лер­мен қам­та­ма­сыз ету)
    ту­ра­лы ақ­па­рат, үй-жай­лар ала­ңы (шар­шы метр), Са­ни­тар­лық ере­же­лер­ге сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ның мә­лі­мет­те­рі **
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8

    Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    Примечание: *Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

    ** ЖЖОКБҰ лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, белгіленген Санитарлық ережелерде белгіленген нормаларына сүйене отырып айқындалады.

    бұйрығына 5-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    5-қосымша

    Нысан

    Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

    __________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ту­ған жы­лы мен же­рі
    Жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы, ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы, бі­лік­ті­лі­гі, бі­лім бе­ру ұй­ы­мы, бі­тір­ген жы­лы (ұй­ым­ның, өн­ді­рі­стің ата­уы, оқу, та­ғы­лым­да­ма ке­зе­ңі), та­ғы­лым­да­ма­дан өту мер­зі­мі (ма­ман сер­ти­фи­ка­ты)
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны (ұй­ым ның ме­кен жайы, ла­у­а­зы­мы, ең­бек өті­лі)
    Оқы­ты­ла­тын пән­дер про­фи­лі бой­ын­ша прак­ти­ка­лық жұ­мыстар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, ең­бек өті­лі
    Сот­тал­ма­ғанды­ғы (сот­тал­ғанды­ғы) ту­ра­лы мә­лі­мет
    Ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет (са­ни­тар­лық кі­тап­тың бо­луы)
    Ма­гистр дә­ре­же­сі ту­ра­лы мә­лі­мет (ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы, ба­ғы­ты)
    «Ғы­лым кан­ди­да­ты» неме­се «ғы­лым док­то­ры» неме­се «фи­ло­со­фия док­то­ры (РhD)» неме­се «бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» ғы­лы­ми (ака­де­ми­я­лық) дә­ре­же­сі ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    кестенің жалғасы
    «Қа­уым­да­сты­ры­л­ған про­фес­сор (до­цент)» неме­се «про­фес­сор» ғы­лы­ми ата­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
    Под­пол­ков­ник­тен тө­мен емес әс­ке­ри (ар­найы) ата­ғы неме­се әді­лет ке­ңес­ші­сі­нен тө­мен емес сы­нып­тық ше­ні неме­се су­дья/от­став­ка­да­ғы су­дья ту­ра­лы мә­лі­мет
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ма­ра­пат­та­ры­мен және құр­мет­ті атақ­та­ры, «Ең­бек сiңiр­ген жат­тық­ты­ру­шы» спорт­тық атақ­та­ры неме­се жо­ға­ры мен бі­рін­ші дә­рі­гер­лік са­на­ты ту­ра­лы мә­лі­мет, бе­рі­л­ген жы­лы
    Ин­клю­зив­ті бі­лім бе­ру­де оқы­ту дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат (кур­стар (ке­мін­де 72 са­ғат), та­ғы­лым­да­ма­лар
    (сер­ти­фи­кат № және бер­ген кү­ні)*
    Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да бе­рі­л­ген бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ку­ә­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет
    Оқы­та­тын пәні
    11
    12
    13
    14
    15
    16

    Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    * «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ-на қолданылмайды.

    бұйрығына 6-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    6-қосымша

    Нысан

    Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының, бағдарламалық және ақпараттық жүйелердің болуы туралы мәліметтер

    Жал­пы және пай­да­лы ала­ңы­ның ауда­ны (шар­шы метр) көр­се­ті­л­ген ғи­ма­рат­тың (құ­ры­лы­стың) нақ­ты ме­кен­жайы
    Жаб­дық­та­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Тех­ни­ка­лық оқу құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған ауди­то­ри­я­лар, пән ка­би­нет­те­рі
    Оқу ша­ру­а­шы­лық ғи­ма­рат­та­ры, учас­ке­лер, оқу құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған оқу-өн­ді­рі­стік ша­ру­а­шы­лық­тар
    Ата­уы және тү­рі көр­се­ті­л­ген оқу зерт­ха­на­лар жаб­дық­та­ры­ның тіз­бе­сі, со­ның ішін­де вир­ту­ал­ды зерт­ха­на­ла­ры, то­лық­ты­ры­л­ған шын­дық, ин­тер­ак­тив­ті тре­на­жер­лар
    Тү­рі көр­се­ті­л­ген тех­ни­ка­лық оқу құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
    Акт за­лы, спорт за­лы, кі­та­п­ха­на­ның жаб­дық­та­ры­ның тіз­бе­сі
    Ком­пью­тер­лік сы­нып­тар, ком­пью­тер­лер, ар­найы ли­цен­зи­я­лан­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
    «Си­му­ля­ци­я­лық ка­би­нет­тер» (ор­та­лық­тар)* Ар­найы про­грам­ма­лық жүй­е­лер **
    Жа­ңар­ты­л­ған де­рекқор­ла­ры бар бі­лім бе­ру­ді бас­қа­ру­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­сі, ЖЖОК­БҰ-ның бас­қа­ру жүй­е­сі­нің БЖ­БП-мен ин­те­гра­ци­я­сы ту­ра­лы ақ­па­рат, edu.​kz ай­ма­ғын­да­ғы үшін­ші дең­гей­лі до­мен­дік атау.
    Ин­тер­нет­тің жыл­дамды­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат
    Он­лайн оқы­ту­ға ар­нал­ған жаб­дық­тың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат Он­лайн оқы­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10

    Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    Примечание: * «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты үшін

    ** «Сәулет және құрылыс» кадрларды даярлау бағыты үшін

    бұйрығына 7-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    7-қосымша

    Нысан

    Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *

    Атауы
    Шығындар сомасы *
    4 (төрт) айға
    8 (сегіз) айға
    1
    2
    3

    Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет.

    бұйрығына 8-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    8-қосымша

    Нысан

    Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес оқытушылардың, сондай-ақ менеджмент саласында білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Та­қы­рып­тың ата­уы
    Оқы­ған ор­ны мен ке­зе­ңі
    Оқы­ған ұй­ым­ның ата­уы
    Са­ғат­тар са­ны
    Оқу­дан өт­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (сер­ти­фи­кат, есеп)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7

    Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    бұйрығына 9-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    9-қосымша

    Нысан

    Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ғылыми-әдістемелік/клиникалық/эксперименталдық базалардың, шығармашылық шеберханалардың, концерттік залдардың, көрме залдарының болуы туралы мәліметтер*

    Арнай ғылыми зертханалардың, ғылыми-зерттеу институтының, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-практикалық базалар (клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары), ғылыми орталықтың, техникалық паркінің, бизнес-инкубатордың, шығармашылық шеберханалардың, концерт, көрме залдарының болуы (қажеттісін таңдау)
    Орналасқан мекенжайы
    Пайдалану құқығы туралы ақпарат (меншік құқығында немесе шарт негізінде)
    Мамандандырылған базаның мақсатты мақсаты туралы, жабдық туралы, базаның қызметі туралы ақпарат
    1
    2
    3
    4

    Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    * Ескертпе: ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.

    бұйрығына 10-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    10-қосымша

    Нысан

    Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Бі­лі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ди­плом бой­ын­ша бі­лік­ті­лік, оқу ор­нын бі­тір­ген жы­лы)
    Жұ­мыс өті­лі (ғы­лы­ми-пе­да­го­ги­ка­лық, кли­ни­ка­лық), сон­дай-ақ кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты бей­і­ні бой­ын­ша прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі, жұ­мыс өті­лі
    «ғы­лым кан­ди­да­ты» неме­се «ғы­лым док­то­ры» неме­се «фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD)» неме­се «бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» ғы­лы­ми/ака­де­ми­я­лық дә­ре­же­сі­нің/дә­ре­же­сі­нің бо­луы, ре­зи­ден­ту­ра­ны бі­тір­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Оқулық­тың не оқу құ­ра­лы­ның ата­уы *
    ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ұсы­на­тын ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­дар ті­зі­мін­де
    ха­лы­қа­ра­лық ре­цен­зи­я­ла­на­тын ғы­лы­ми жур­нал­дар­да **
    кадр­лар да­яр­лау ба­ғы­ты­ның бей­і­ні бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар ма­те­ри­ал­да­рын­да *
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9

    Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    Примечание: * «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін

    ** шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдары лицензия алған кезде ғылыми жарияланымдар туралы ақпарат тек халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдар бойынша ұсынылады.

    бұйрығына 11-қосымша

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан

    кейінгі білім беру саласында білім

    беру қызметімен айналысуға

    лицензия беру» мемлекеттік қызмет

    көрсетуге қойылатын негізгі

    талаптардың тізбесіне

    11-қосымша

    Нысан

    Тәлімгерлер құрамы туралы ақпарат («Денсаулық сақтау» оқыту бағыты бойынша)

    ______________________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы) (________жағдай бойынша)

    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ту­ған жы­лы мен же­рі
    Жо­ға­ры бі­лім және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ма­манды­ғы, ди­плом­ның бі­лік­ті­лі­гі, бі­лім бе­ру ұй­ы­мы, оқу жы­лы, ма­ман сер­ти­фи­ка­ты ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны (ұй­ым ның ме­кен жайы, ла­у­а­зы­мы, ең­бек өті­лі)
    Ба­ғыт бой­ын­ша прак­ти­ка­лық жұ­мыс ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, ең­бек өті­лі
    Тә­лім­гер ре­т­ін­де бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы ақ­па­рат (қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ы­мы, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дың ата­уы, ұз­ақ­тығы са­ғат­пен/кре­дит­тер­мен, БА өт­кен жы­лы)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7

    Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.