Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 5-59-VIІI «Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2024 ж.

    Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 5-59-VIІI «Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Келес аудандық мәслихатының «Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №5-59-VIІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6357-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Келес аудандық мәслихат төрағасы

    Н. Шаулиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.