Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағының 6)тармақшасына сәйкес, Ошақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. «KCeII» акционерлік қоғамына Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі, Береке елді мекенінде орналасқан жалпы көлемі 0,068 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз ұзақ 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «KCell» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ошақты ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Орынбаевқа жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ошақты ауылдық округінің әкiмi

    Н.Нархозиев

    Ошақты ауылдық округі әкімінің

    2024 жылғы «5» тамыздағы

    № 103 шешіміне қосымша

    «KCell» акционерлік қоғамына магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері

    Жер пай­да­ла-ну­шы­лар ата­уы
    Қа­уым­дық сер­ви-тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    Со­ның ішін­де
    Ауыл ша­ру- ашы­лық мақ­са­тын-да­ғы жер­лер
    Оның ішін­де
    Егіс- тік
    Оның ішін­де: Су­ар- ма­лы егі­стік
    Көп жыл­дық ек­пе­лер
    Шаб ын­дық
    Жайы- лым­дық
    Ел­ді ме­кен-дер­д­ің­же­рі
    Өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы-лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге­де жер
    Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­рі, са­уық­ты­ру мақ­са­тын-да­ғы, ре­кре­а­ция-лық және та­ри­хи -мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер
    Ор­ман қо­ры-ның жер-ле­рі
    Су қо­ры-ның жер-ле­рі
    Бос-ал­қы жер-лер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Ошақ­ты ауыл­дық окру­гі
    0,068
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    0,068
    -
    -
    -
    -
    -
    Бар­лы­ғы
    0,068
    0,068

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.