Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 және «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Негізгі ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-7-бабына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) жанындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің нысанын, негізгі міндеттерін, қабылдайтын шешімдерінің мәртебесін және қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін, өкілеттіктерін, оның басшысын және оны сайлау тәртібін өкілеттіктерін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері, қызмет нысаны және өкілеттіктері»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Кеңесті құру тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Кеңестің төрағасы»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Кеңес қызметінің тоқтатылуы».
2. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережеде:
12-тармақтың 2) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда келіседі;».
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.