Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2024 ж.

    Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ақсуат ауылдық округі, Ақсуат ауылының аумағында орналасқан су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге, жалпы ауданы 33,6 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктірмей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    А. Сыздықова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.