Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы

    «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.

    2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту Агенттігінің Басқармасының

    2024 жылғы 31 шілдедегі

    № 47 Қаулыға

    қосымша

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

    Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

    2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.

    2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

    2-тарау. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібі

    3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып ұсынады.

    4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.

    Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

    5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі-жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініш берушіге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

    7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.

    8. Ұсынылған құжаттар Мемлекеттік реттеу туралы заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, жауапты бөлімше Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушіге пошта арқылы, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін оларды жою мерзімін көрсете отырып, ескертулері бар хат жолдайды.

    9. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.

    Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жібереді. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.

    Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.

    Қол қойылған сәйкестік туралы актіні өтініш берушіден 5 (бес) жұмыс күні ішінде алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.

    10. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    11. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

    12. Комиссияның өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 10 (оң) жұмыс күні ішінде оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартудың жобасын дайындайды және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.

    13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге порталдағы жеке кабинетке сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

    14. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

    3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жазбаша түрде жүргізіледі.

    Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді.

    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

    Уәкілетті органның атына келіп түскен оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    16. Шағымда:

    1) шағымды қарайтын органның атауы;

    2) өтініш берушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны;

    3) уәкілетті органның толық атауы және (немесе) шешімі (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    4) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;

    5) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;

    6) шағымға қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі.

    Шағымға өтініш беруші не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

    17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Банктік және микроқаржы активтерін

    сататын электрондық сауда алаңы

    операторының қызметін жүзеге

    асыру құқығына рұқсат беру

    шарттары мен қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рі са­ты­ла­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы­ның опе­ра­то­ры қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
    «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
    Ескерту. 2-тармақ 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 қаулысымен.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Өті­ніш бе­ру­ші құ­жат­тар­ды бер­ген күн­нен ба­стап 70 (жет­піс) жұ­мыс кү­ні ішін­де
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
    1) банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру не опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    2) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес сәй­кест­ік ту­ра­лы ак­ті­ні қо­са бе­ре оты­рып, Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ға сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну про­це­сін ав­то­мат­тан­ды­ру ке­зін­де).
    2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.
    Ескерту. 2-тармақша 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 40 қаулысымен.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз­дер
    Уәкі­лет­ті ор­ган опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру­ден кез кел­ген мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша бас тар­та­ды:
    1) өті­ніш бе­ру­ші­нің «Қар­жы на­ры­ғы мен қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­руы;
    2) өті­ніш бе­ру­ші­нің Заң­ның 15-18, 15-19-бап­та­рын­да және нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты өті­ніш бе­ру­ші­ге опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бо­ла­тын бол­са;
    4) уәкі­лет­ті ор­ган­ның ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар бой­ын­ша ес­кер­ту­лер­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де жой­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

    Банктік және микроқаржы

    активтерін сататын электрондық

    сауда алаңы операторының

    қызметін жүзеге асыру

    құқығына рұқсат беру

    шарттары мен қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    «Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі» республикалық

    мемлекеттік мекемесі

    (БСН 191240019852)

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш

    __________________________________________________________________ (өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)

    банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.

    Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, факс)

    2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні және жылы, байланыс телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі

    3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

    4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)

    ___________________________________________________________________

    Өтініш беруші өзінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

    ________________________________________________________________ ________________________________________________________________

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат

    ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі, күні және атауы)

    Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны

    _________________________________________________________ _________________________________________________________

    Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    20___ жылғы «____» ___________

    Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы

    _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қолы)

    Банктік және микроқаржы активтерін

    сататын электрондық сауда алаңы

    операторының қызметін жүзеге асыру

    құқығына рұқсат беру шарттары

    мен қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға

    _____________________________________________________ (өтініш берушінің атауы)

    сәйкестігі туралы акт

    _____________________
    20__ жылғы «__» _________
    жасалған күні
    берілген күні

    Осы _____________________________________________________ (өтініш берушінің атауы)

    банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні дайындаған:

    уәкілетті органның өкілдері:

    ________________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________________

    Комиссияның жұмысына өтініш берушінің өкілдері қатысады:

    ________________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________________.

    Тексерілген объектілер мен комиссия зерделеген құжаттардың нақты сипаттамасы:

    ________________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________________.

    Өтініш беруші өкілдерінің түсініктемелерінің қысқаша мазмұны:

    ________________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________________.

    Комиссияның ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы)

    банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:

    _________________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________________. (қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның ақпараттық қызметтер нарығында қызмет етуін бастау (жалғастыру) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)

    Өтініш беруші _____________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы)

    Осы сәйкестік актісіне мынадай техникалық құжаттаманы және комиссия актіне қоса берілген өзге құжаттарды ұсынды:

    _________________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________________.

    Комиссия мүшелері:

    __________

    _________________________________________________________________________________ (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    __________________________ келісілді (келісілмеді)

    __________

    _________________________________________________________________________________ (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    __________________________ келісілді (келісілмеді)

    __________

    ______________________________________________________________________________________ (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    __________________________ келісілді (келісілмеді)

    Комиссия жетекшісі:

    __________________________________________________________________________________ (қолы)

    Банктік және микроқаржы активтерін

    сататын электрондық сауда алаңы

    операторының қызметін жүзеге асыру

    құқығына рұқсат беру шарттары

    мен қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады)

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

    Нөмірі ____________
    Берілген күні 20__ жылғы «____» ________

    ________________________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы)

    осы банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат берілді.

    Төраға (Төрағаның орынбасары)

    Мөр орны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.