«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 тамыз 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

    14-тармақ мынадай мазмұндағы 141-1) және 141-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «141-1) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;

    141-2) арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысқан қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіту;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.