«Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №161-26/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №161-26/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі.
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы
И. Құттықожаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.