Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 шілде 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстаң Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 35 бабына,   Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 23 шілдесі №08-12/513 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің Ленинское ауылының аумағында белгіленген ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Лесной ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 04 шілдесі № 14 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Н. Мұхаметжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.