Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 25 шілде 2024 ж.
Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 9/41 «Бәйдібек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы №9/41 «Бәйдібек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6406-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И. Туймебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.