Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары мен халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары мен халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмууге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Көксу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Көксу ауданы мәслихатының төрағасы

    Ж. Бейсенбай

    Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 28-121 шешіміне 1-қосымша

    Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

    Объектінің атауы
    Есептік бірлік
    Есептік
    нормалар
    жинақтар, м3/жыл
    1
    2
    3
    4
    1.
    Абаттандырылған үй иеліктері
    1 тұрғын
    1,1
    Абаттандырылмаған үй иеліктері
    1 тұрғын
    1,2
    2.
    Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осыған ұқсас нысандар
    1 орын
    -
    3.
    Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
    1 орын
    -
    4.
    Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
    1 орын
    0,177
    5.
    Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
    1 қызметкер
    0,413
    6.
    Емханалар, медициналық орталықтар
    1 бару
    0,151
    7.
    Ауруханалар, өзге де
    емдеу-профилактикалық мекемелер
    1 төсек-орын
    0,594
    8.
    Мектептер және басқа да оқу орындары
    1 оқушы
    0,179
    9.
    Мейрамханалар, дәмханалар,
    өзге де ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтандыру мекемелері
    1 отыратын орын
    0,45
    10.
    Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
    1 отыратын орын
    0,057
    11.
    Мұражайлар, көрмелер
    1 м2 жалпы алаңның
    0,018
    12.
    Стадиондар, спорт алаңдары
    бойынша 1 орын жобаға
    0,1
    13.
    Спорт, би және ойын залдары
    1 м2 жалпы алаңның
    0,107
    14.
    Азық-түлік және өнеркәсіптік-тауарлық дүкендер, аралас дүкендер
    1 м2 сауда алаңының
    0,202
    15.
    Машиналардан сауда жасау
    1 м2 сауда орындарының
    0,370
    16.
    Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар
    1 м2 сауда алаңының
    0,078
    17.
    Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
    1 м2 жалпы алаңның
    -
    18.
    Тұрмыс үйлері: халыққа қызмет көрсету
    1 м2 жалпы алаңның
    -
    19.
    Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
    1 м2 жалпы алаңның
    0,085
    20.
    Жағажайлар, жолдардан көше бағалары
    жалпы алаңы
    1 м2
    -
    21.
    Дәріханалар
    1 м2 сауда алаңының
    0,138
    22.
    Автотұрақтар, көлік жуу орындары, АЖС
    1 машина-орын
    4,505
    23.
    Автошеберханалар
    1 қызметкер
    2,919
    24.
    Гараж кооперативтері, гараждар, автотұрақтар
    1 гаражға
    -
    25.
    Шаштараздар, косметикалық салондар
    1 жұмыс орны
    1,244
    26.
    Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары,
    тігін ательелері
    1 м2 жалпы алаңның
    0,165
    27.
    Зергерлік, аяқ киім, сағаттар жөндеу шеберханалары
    1 м2 жалпы алаңның
    0,036
    28.
    Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау
    және т.б.)
    1 жұмыс орны
    0,029
    29.
    Моншалар, сауналар
    1 м2 жалпы алаңның
    0,28
    30.
    Қала аумағында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақтар қалдықтар
    1000 қатысушы
    0,033
    31.
    Бау-бақша кооперативтері
    1 учаске
    -
    Жинақтаудың есептік нормалары – м3/жыл

    Көксу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 28-121 шешіміне 2-қосымша

    Көксу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлігі
    Есептік көрсеткіш
    1
    2
    3
    4
    Өлшем бірліктері
    1
    Көппәтерлі тұрғын үйдің бір тұрғынына коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормалары мен қалыптасуы (абаттандырылған)
    м3
    1,1 м3
    2
    Тұрғын үйдің бір тұрғынына коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормалары мен қалыптасуы
    (абаттандырылмаған жеке үй)
    м3
    1,2 м3
    3
    Көппәтерлі тұрғын үйдің бір тұрғынына айына қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге арналған тариф (абаттандырылған)
    теңге/ай
    261,89 теңге
    4
    Тұрғын үйдің бір тұрғынына айына қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге арналған тариф (абаттандырылмаған жеке сектор)
    теңге/ай
    285,70 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.