Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 шілде 2024 ж.
Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгілеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық және қала маңы көлік қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф жолаушының бір сапары үшін 110 (бір жүз он) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Ж. Қасымбек
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.