Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2024 ж.

    Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы

    «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және

    ирригация министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгiнің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2024 жылғы 29 шілдедегі

    № 263 бұйрығымен

    бекітілген

    Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар (бұдан әрі – Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

    2-тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

    3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:

    1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде жерлердің болуы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ресми статистикалық ақпарат және мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер пайдаланылады;

    2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде «Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30043 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау нәтижелері пайдаланылады;

    3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

    4) осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп облыстардың жергілікті атқарушы органдары әзірлеген жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырады;

    5) осы Жоспарға 4-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, оларды сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер;

    6) осы Жоспарға 4-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;

    7) осы Жоспарға 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;

    8) екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер.

    Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) бекітетін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Орман, су қорлары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 119, 125-баптарына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 40, 43, 47, 48, 52, 69-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;

    9) осы Жоспарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары;

    10) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарат.

    4. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:

    1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы), онда жайылымдардың шекаралары, алаңдары мен түрлері, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және екпе жайылымдар, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтер көрсетіледі;

    2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта), онда жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдардың, оның ішінде қоғамдық жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;

    3) ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта), онда жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетіледі;

    4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта), онда ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар, жайылымдық инфрақұрылым объектілері, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жері көрсетіледі;

    5) жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта).

    Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін меншікке немесе жер пайдалануға босалқы жерлерді беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

    6) халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта), онда жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі.

    Жерлерді резервте қалдыру Кодекстің 49-2-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығымен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

    7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы, онда жануарлардың су көздеріне қарай жүріп-тұру маршруттары көрсетіледі.

    Ауыл шаруашылығы жануарларының орташа тәуліктік су тұтынуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге 6-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес айқындалады;

    8) ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы, онда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыруға арналған шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;

    9) ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу), онда жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының басы үшін ауылдық округтің ауылдық елді мекендері арасында жайылымдарды бөлу (қайта бөлу) схемасы көрсетіледі;

    10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті талаптар:

    «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;

    жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;

    жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;

    жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;

    жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.

    Жайылымдарды басқару

    және оларды пайдалану

    жөніндегі үлгілік жоспарға

    1-қосымша

    Нысан

    Өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері

    1-кесте. ___________ ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, мың гектар

    Ауыл­дық округ­тер­дің ата­уы
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші­нің ко­ды
    Жер­лер са­нат­та­ры
    Жер­лер
    жиы­ны
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы
    ел­ді ме­кен­дер­дің
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы емес
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың
    ор­ман қо­ры­ның
    су қо­ры­ның
    босал­қы жер
    1
    2
    3
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Бар­лы­ғы
    2-кесте. Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар
    Р/с №
    Ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші­нің ко­ды
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Жай­ы­лым­дар­дың жал­пы ала­ңы, мың гек­тар
    Жай­ы­лым­дар­дың алаң­да­ры мен түр­ле­рі
    же­ке аулад­а­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын жаю бой­ын­ша ха­лық мұқ­та­жын қа­на­ғат­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған,
    мың гек­тар
    көп­ші­лік пай­да­ла­на­тын, мың гек­тар
    шал­ғай­да­ғы, мың гек­тар
    мау­сым­дық, мың гек­тар
    арид­тық, мың гек­тар
    ек­пе жай­ы­лым­дар, мың гек­тар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11

    3-кесте. Жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары негізінде меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер

    Р/с №
    Мен­шік ие­ле­рі­нің, жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жай­ы­лым­дар ала­ңы, мың гек­тар
    1
    2
    3
    4
    5
    4-кесте. Жайылымдарды бөлу
    Р/с №
    Ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші­нің ко­ды
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры үшін қа­жет­ті жай­ы­лым ала­ңы, мың гек­тар
    Көп­ші­лік пай­да­ла­на­тын жай­ы­лым­дар­дың ала­ңы, мың гек­тар
    Шал­ғай­да­ғы жай­ы­лым­дар­дың ала­ңы, мың гек­тар
    Ірі қа­ра мал
    Ұсақ мал
    Жыл­қы­лар
    Түй­е­лер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін ____ мың гектар жайылым қажет.
    _____ мың гектар алаңды алып жатқан көпшілік пайдаланатын жайылымдарда _____ мал басы жайылады, _____ мың гектар алаңды алып жатқан шалғайдағы жайылымдарда _____ мал басы жайылады.
    5-кесте. Қосымша қажет етілетін жайылымдар
    Р/с №
    Босал­қы жер­лер­ден қа­жет еті­ле­тін қо­сым­ша жай­ы­лым­дар, мың гек­тар
    Қо­сым­ша бе­рі­ле­тін жай­ы­лым­дар
    жай­ы­лым пай­да­ла­ну­шы­лар­ға жер пай­да­ла­ну­ға бе­рі­луі мүм­кін жай­ы­лым­дар, мың гек­тар
    же­ке аулад­а­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын жаю бой­ын­ша ха­лық мұқ­та­жын қа­на­ғат­тан­ды­ру мақ­са­тын­да ре­зерв­ке қой­ы­лу­ға ти­іс жай­ы­лым­дар, мың гек­тар
    1
    2
    3
    4

    Жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    үлгілік жоспарға

    2-қосымша

    Нысан

    Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері

    Та­би­ғи азық­тық ал­қап­тар­дың
    жік­те­ме­сі бой­ын­ша және тү­сі­нік­сөз бой­ын­ша шифр­лар, кү­ні
    Кон­тур­лар мен си­патта­ма­лар нө­мі­рі (жақ­ша ішін­де)
    Та­би­ғи азық­тық ал­қап­тар тип­те­рі­нің (ай­ыр­ма­ла­ры­ның, түр­лен­ді­ру­ле­рі­нің) жер бе­де­ріне то­пы­р­ақ­қа бай­ла­ны­сты­ры­л­ған ата­уы. Бас­қа жер­лер мен ал­қап­тар­дың ата­уы
    Ал­қап тү­рі
    Кон­тур­да­ғы пай­ы­здық қа­ты­нас
    Ала­ңы, мың гек­тар
    За­ма­на­уи пай­да­ла­ны­луы
    Жал­пы тү­сім­ді­лік, гек­та­ры­на цент­нер­ден (зерт­теп-қа­рау жы­лы)
    Ор­та­ша жыл ішін­де же­лі­не­тін өсім­дік­тер­дің тү­сім­ді­лі­гі:
    құр­ғақ мас­са­ның гек­та­ры­на цент­нер­ден,
    азық бір­лі­гі­нің гек­та­ры­на цент­нер­ден, қо­ры­ты­ла­тын
    про­те­ин­нің гек­та­ры­на ки­ло­грамм
    мау­сым­дар бой­ын­ша жай­ы­лым­дық азық
    ша­бын­дық
    ша­бы­ла­тын жай­ы­лым
    көк­тем
    жаз
    күз
    қыс
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    Кестенің жалғасы
    Кон­тур бой­ын­ша есеп­тел­ген тү­сім­ді­лік: құр­ғақ мас­са­ның гек­та­ры­на цент­нер­ден (алы­мы), азық бір­лі­гі­нің гек­та­ры­на цент­нер­ден (бөл­гіш)
    Кон­тур бой­ын­ша азық қо­ры құр­ғақ мас­са­ның гек­та­ры­на цент­нер­ден (алы­мы),
    азық бір­лі­гі­нің гек­та­ры­на цент­нер­ден (бөл­гіш)
    Да­қыл­дық-тех­ни­ка­лық жай-күй, дә­рі­лік өсім­дік­тер­дің бар-жо­ғы
    Пай­да­ла­ну бой­ын­ша ұсы­ны­стар, мал­дың тү­рі.
    Жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­л­ған ша­ра­лар
    15
    16
    17
    18

    Жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    үлгілік жоспарға

    3-қосымша

    Нысан

    Жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер

    Р/с №
    Жай­ы­лым­дық ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған жай­ы­лым­дық ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны, бір­лік
    Құ­ры­лы­сты (ре­кон­струк­ци­я­ны) та­лап ете­тін,
    бір­лік­тер
    Ұзынды­ғы, ки­ло­метр
    Ала­ңы, мың шар­шы метр
    1.
    Су­лан­ды­ру құ­ры­лы­сжай­ла­ры (ұң­ғы­ма­лар, құ­быр­лы және шах­та­лы құ­дық­тар, апан­дар)
    2.
    Құ­ры­лы­сжай­лар, кө­пір­лер, жол­дар
    3.
    Мал ай­дай­тын жол­дар, мал­ды аял­да­ту­ға ар­нал­ған алаң­дар мен су­ат алаң­да­ры
    4.
    Қой­лар­ды то­ғы­ту­ға ар­нал­ған ыдыс­тар, қо­ра­лар және қор­шал­ған жер­лер, жай­ы­лым­дар­дың қор­ша­у­ла­ры, шар­бақ­тар (оның ішін­де элек­тр­лі шар­бақ­тар), ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын қор­шап-бөл­шек­теп жа­ю­ға ар­нал­ған қа­ша­лар
    5.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын ве­те­ри­на­ри­я­лық ем­де­у­ге ар­нал­ған өт­ке­лек­тер
    6.
    Электр және жы­лу энер­ги­я­сы­мен қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­ры­лы­сжай­лар мен объ­ек­ті­лер, жа­ңар­ты­ла­тын және ба­ла­ма­лы энер­гия көз­де­рі пай­да­ла­ны­ла­тын объ­ек­ті­лер
    7.
    Су­мен жаб­дық­тау объ­ек­ті­ле­рі және тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету­дің бас­қа да түр­ле­рі, пер­со­нал­дың мау­сым­дық тұ­руы­на ар­нал­ған құ­ры­лы­сжай­лар және жай­ы­лым­дар­ды кү­тіп-ұстау мен пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті өзге де мү­лік

    Жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    үлгілік жоспарға

    4-қосымша

    Нысан

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне

    Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: АШЖБҚ-1 нысаны

    Кезеңділігі: жылына бір рет

    Есепті кезең: 20 ___ жылғы 31 наурыздағы жай-күй бойынша.

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірге дейін (қоса алғанда)

    1-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, олардың саны туралы деректер

    Р/с №
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ко­ды
    Кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Ие­сі­нің ти­пі
    Ие­сі­нің
    биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Же­ке тұ­лға­лар­дың аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы
    Мал ба­сы­ның са­ны, бас
    Ірі қа­ра мал
    Ұсақ мал
    Жыл­қы­лар
    Түй­е­лер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Жиы­ны:

    2-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер

    Р/с№
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ко­ды
    Кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Үй­ір­лер­дің, отар­лар­дың, та­бын­дар­дың са­ны
    Ірі қа­ра мал
    Ұсақ мал
    Жыл­қы­лар
    Түй­е­лер
    бұ­қа­лар
    Бұ­қа­лар
    сиыр­лар
    қа­шар­лар
    бұ­қа­шық­тар
    қой­лар және еш­кі­лер
    төл (тоқ­ты­лар, шы­бы­штар)
    төл (ер­кек тоқ­ты­лар , те­ке­шік­тер)
    ай­ғыр­лар, би­е­лер
    төл
    түй­е­лер
    төл
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    Жиы­ны:

    3- кесте. Шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер

    Р/с№
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ко­ды
    Кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ата­уы
    Мал ба­сы­ның са­ны, бас
    Ірі қа­ра мал
    Ұсақ мал
    Жыл­қы­лар
    Түй­е­лер
    же­ке аулад­а­ғы
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер
    же­ке аулад­а­ғы
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер
    же­ке аулад­а­ғы
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер
    же­ке аулад­а­ғы
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    Жиы­ны:

    Атауы ____________________________________________________ Мекенжайы ____________________________________________________ Телефоны__________________________________________________________ Электрондық поштасының мекенжайы_________________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) ______________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))

    «Ауыл шаруашылығы

    жануарларын сәйкестендіру

    дерекқорынан алынған ауыл

    шаруашылығы жануарлары

    басының саны» әкімшілік

    деректерін жинауға арналған

    нысанға қосымша

    «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан (АШЖСД-1) алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсініктеме «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар толтырады.

    3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

    4. Нысан ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне ұсынылады.

    5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    6. 1-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, олардың саны туралы деректер:

    1-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;

    3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;

    4-бағанда иесінің типі көрсетіледі;

    5-бағанда иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    6-бағанда жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі;

    7-бағанда ірі қара мал саны көрсетіледі;

    8-бағанда ұсақ мал саны көрсетіледі;

    9-бағанда жылқылар саны көрсетіледі;

    10-бағанда түйелер саны көрсетіледі.

    7. 2-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер:

    1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;

    3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;

    4, 5, 6 және 7-бағандарда ірі қара мал табындарының жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;

    8, 9, және 10-бағандарда ұсақ мал отарларының жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;

    11, 12-бағандарда жылқы үйірлерінің жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;

    13, 14-бағандарда түйелердің жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі.

    8. 3-кесте. Шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер:

    1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;

    3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;

    4-бағанда жеке ауладағы ірі қара мал саны көрсетіледі;

    5-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ірі қара малдарының саны көрсетіледі;

    6-бағанда жеке ауладағы ұсақ мал саны көрсетіледі;

    7-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ұсақ малдардың саны көрсетіледі;

    8-бағанда жеке ауладағы жылқылар саны көрсетіледі;

    9-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жылқы саны көрсетіледі;

    10-бағанда жеке ауладағы түйелердің саны көрсетіледі;

    11-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің түйелерінің саны көрсетіледі.

    Жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі

    үлгілік жоспарға

    5-қосымша

    Нысан

    Ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары

    Жылдар
    Учаскелердің нөмірлері
    I
    II
    III
    IV
    бірінші жыл
    көктемгі маусым
    жазғы маусым
    күзгі маусым
    демалатын учаске
    екінші жыл
    демалатын учаске
    көктемгі маусым
    жазғы маусым
    күзгі маусым
    үшінші жыл
    күзгі маусым
    демалатын учаске
    көктемгі маусым
    жазғы маусым
    төртінші жыл
    жазғы маусым
    күзгі маусым
    демалатын учаске
    көктемгі маусым

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.