Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 шілде 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген):

    кіріспеге мынадай редакция жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

    Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;

    1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20140 болып тіркелген):

    кіріспеге мынадай редакция жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.»;

    3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – лицензия) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    4. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

    1) мынадай өтініштердің біреуін жолдайды:

    осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЗТ өтініші);

    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЖТ өтініші);

    осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші);

    осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші);

    2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны бойынша мәліметтерді толтырады (бұдан әрі – біліктілік талаптар).

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған.

    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Лицензияны қайта ресімдеу лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші және (немесе) лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтінішінде көрсетілетін жағдайларда жүзеге асырылады.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

    Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;

    1, 2, 3, 4 және 5-қосымша лар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6 және 7-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік Вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    М. Карабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрінің

    2024 жылғы 26 шілдедегі

    № 253 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Қалалық рельстік көліктің

    көлік құралдарын мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    1-қосымша

    ___________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші атауы)

    ___________________________________________________________________________ (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер қоры немесе «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде тартылады)

    Өтініш

    ____________________ (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.

    Мекенжайы:

    __________________қаласы, ______________________көшесі

    жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:

    _______________________________________________________________

    байланыс телефондары (факс)_____________________________________

    Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Бұйрыққа

    2-қосымша

    Қалалық рельстік көліктің

    көлік құралдарын мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    2-қосымша

    «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу»
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    2) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Ал­ма­ты, Пав­ло­дар, Өс­ке­мен және Те­мір­тау қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­ке­уде қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік; қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру ке­зін­де қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    1. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ку­ә­лі­гін мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен және мөл­шер­де алы­на­ды және алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 0,25 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
    Бюд­жет­ке тір­кеу алы­мы­ның со­ма­сын тө­леу қол­ма – қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру те­гін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) пор­тал­да – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
    2) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­ра­лы­ның әр­бір бір­лі­гіне ар­нал­ған тех­ни­ка­лық пас­порт­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (фор­му­ляр).
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын алып та­стау үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
    2)кей­ін­нен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де пай­да­ла­ну үшін әке­те оты­рып, Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ак­ті не за­қым­дау, ие­лік­тен шы­ға­ру ту­ра­лы құ­жат.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, қа­ла­лық ре­льстік кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да, тір­кеу алы­мы­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414 те­ле­фо­ны ар­қы­лы, неме­се қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да алу­ға бо­ла­ды.

    Бұйрыққа

    3-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында

    жүктерді тасымалдауға лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші

    __________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

    __________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    __________________________________________________________________________ (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету) мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.

    Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйлер / ғимараттар нөмірі (стационарлық үй-жайлар)

    Электрондық пошта__________________________________________________________

    Телефондары _______________________________________________________________

    Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)_____________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені), өше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

    барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

    өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;

    ________________________________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

    Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Бұйрыққа

    4-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында

    жүктерді тасымалдауға лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші

    ___________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

    ___________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ___________________________________________________________________________ (Қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету) мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

    Электрондық пошта__________________________________________________________

    Телефондары _______________________________________________________________

    Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы______________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

    Осымен:

    барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

    барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

    өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;

    Жеке тұлға__________________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

    Толтыру күні: 20___ жылғы «___» ___________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Бұйрыққа

    5-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында

    жүктерді тасымалдауға лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші ______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

    _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу)

    20___ жылғы «___» ___________ № ____________,

    _____________________________________________________________________ берілген, (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

    Жүзеге асыруға__________________________________________ (қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы) (тиісті торкөзде көрсетіңіз Х):

    1) заңды тұлға-лицензиатты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті торкөзде х көрсетіңіз) жолымен қайта ұйымдастыру): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____

    2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі (лицензияда мекенжайын көрсеткен кезде)

    3) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

    4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

    5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі

    Заңды тұлғаның мекенжайы___________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Электрондық пошта ___________________________________________________________

    Телефондары _________________________________________________________________

    Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы________________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)______

    Осымен:

    барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

    қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

    өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;

    _____________ ________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

    Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Бұйрыққа

    6-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында

    жүктерді тасымалдауға лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші

    ___________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

    ___________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ___________________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

    ___________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға

    20___ жылғы « ___ » ______________ № __________________, _____________________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

    1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгеруі _______

    2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

    3) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

    4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

    5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

    Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

    Электрондық пошта _____________________________________________________

    Телефондары ___________________________________________________________

    Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

    мекенжайы_____________________________________________________________

    (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

    (стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______.

    Осымен:

    көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

    қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

    өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

    Жеке тұлға ____________ _______________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

    Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Бұйрыққа

    7-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында

    жүктерді тасымалдауға лицензия

    беру» мемлекеттік қызметті көрсету

    қағидаларына 5-қосымша

    «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия бе­ру»
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1) Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия бе­ру;
    2) Те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі­нің Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да­ғы жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ли­цен­зия, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу не осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сін­де­гі 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Ли­цен­зи­я­лық алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген алым мөл­шер­ле­ме­сі бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке тө­ле­не­ді:
    1) ли­цен­зия бе­ру үшін – алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы ал­ты есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де алым мөл­шер­ле­ме­сі­нің 10 % - ы.
    Бюд­жет­ке тір­кеу алы­мы­ның со­ма­сын тө­леу қол­ма – қол­ма-қол емес ны­сан­да ЭҮТШ ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Ли­цен­зия алу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зия алу үшін ЗТ өті­ні­ші неме­се ли­цен­зия алу үшін ЖТ өті­ні­ші;
    2) бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес мә­лі­мет­тер. Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ЗТ өті­ні­ші неме­се ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ЖТ өті­ні­ші.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­ні ту­ра­лы рас­та­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат жүй­е­ле­рі­нен ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да субъ­ек­ті­лер­дің (же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың) осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы;
    2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты те­мір­жол кө­лі­гі са­ла­сын­да жүк та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған­да;
    5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия алу­ға уа­қыт­ша тый­ым сал­ған жағ­дай­лар­да, ли­цен­зия бе­ру­ден бас тар­та­ды;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz алу мүм­кін­ді­гі бар ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лім­де Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті де­ген бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның анық­та­ма қыз­ме­ті­нен 1414 неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz алу мүм­кін­ді­гі бар ин­тер­нет-ре­сур­сы­нан «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лім­де Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті де­ген бө­лім­де.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.