Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 шілде 2024 ж.
Ұлытау облысының әкімдігінің «Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 шілдедегі №40/02 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының әкімдігінің «Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 шілдедегі №40/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185610 болып тіркелген).
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі
Б. Әбдіғалиұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.