Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 шілде 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы

    Р. Ахметов

    «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

    «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі Төрағасының

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 26 шілдедегі

    № 6 Бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

    аталған бұйрықпен бекітілген Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларды:

    мынандай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

    «14-1. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау оның орындау мерзімнің өтуін тоқтата тұрмайды.».

    2. «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    аталған бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамына:

    2-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.»;

    6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Келісу комиссиясының отырыстары, егер онда Келісу комиссиясы мүшелерінің әрбір мемлекеттік орган өкілдерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.»;

    14-тармағының үшіні бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға келісу комиссиясының ескертулері болмаған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы (лауазымды тұлғалары) қол қояды.»;

    19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Келісу комиссиясы мына тұлғалардан тұрады:

    1) монополияға қарсы органның басшысы, Келісу комиссиясының Төрағасы;

    2) монополияға қарсы органның басшысының орынбасары, Келісу комиссиясы төрағасының орынбасары;

    3) монополияға қарсы органның заң қызметінің басшысы;

    4) монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

    5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

    6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң Департаментінің басшысы;

    7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;

    8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.»;

    3. «Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17253 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    Аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан тізбесіндегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігінің

    өзгерістер мен толықтыру енгізілетін

    кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне қосымша

    сы

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы 16 шілдедегі

    № 250 бұйрығына

    қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Монополияға қарсы органға.

    Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

    www.gov.kz/memleket/entities

    Әкімшілік деректер нысанының атауы:

    ________________ кезеңінде өткізілген сатып алулар туралы ақпарат.

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.

    Кезеңділігі: сұрау салу бойынша*

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: электронды нысанда өткізілетін сатып алуды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, табиғи монополиялар субъектілері, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпарат алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар.

    Әкімшілік деректер нысасын ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде.

    ____________________________________________________________

    * Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.

    Ұй­ым­да­сты­ру­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Р/с
    Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фон/ факс, элек­трон­дық ме­кен­жайы
    Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ата­уы
    Ха­бар­лан­ды­ру­дың нө­мі­рі
    Лот-тың нө­мі­рі
    Та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) са­тып алу­ға бө­лін­ген со­ма
    Са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру тә­сі­лі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    кестенің жалғасы
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Өт­кі­зі­л­ген са­тып алу­дың нәти­же­ле­рі
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Заң­ды және нақ­ты ме­кен-жайы, те­ле­фон/факс, элек­трон­дық ме­кен-жайы
    Өті­нім бе­ру кү­ні, уа­қы­ты, өті­нім бер­ген тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы
    Ұсы­ны­л­ған ба­ға, же­ңім­паз­ды көр­се­те оты­рып
    Өт­кі­зіл­ді/өт­кі­зіл­ме­ді. Са­тып алу өт­кі­зіл­ме­ген жағ­дай­да, се­беп­тер мен қа­был­дан­ған ша­ра­лар­ды көр­се­ту қа­жет:
    1) қай­та са­тып алу жү­зе­ге асы­рыл­ды;
    2) са­тып алу бір көз­ден тә­сі­лі­мен жү­зе­ге асы­рыл­ды;
    3) са­тып алу­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ды
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер­дің өті­нім­де­рін қа­был­да­мау се­беп­те­рі (қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­ға сі­л­те­ме жа­сай оты­рып)
    Шар­ттың нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні
    Жер­гі­лік­ті қам­ту­дың үле­сі ту­ра­лы ақ­па­рат (%)
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    ________________________________________ ________________
    Мекенжай______________________________
    Телефондар_____________________________
    Электрондық пошта мекенжайы__________
    Орындаушы_______________________________ ____________
    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
    ____________________________________
    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
    Мөр орны (бар болса)
    Жасалған күн 20__ жылғы «___»______

    Өткізілген сатып алу

    туралы ақпарат нысанына

    қосымша

    Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – нысан) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағына сәйкес әзірленді.

    2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.

    2-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

    3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

    4. Нысанның 2-8-бағандарында сатып алуды ұйымдастырушы туралы мәліметтер көрсетіледі:

    4-1. Нысанның 2-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    4-2. Нысанның 3-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

    4-3. Нысанның 4-бағанында сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      4-4. Нысанның 5-бағанында хабарландырудың нөмірі көрсетіледі.

    4-5. Нысанның 6-бағанында лоттың нөмірі көрсетіледі.

    4-6. Нысанның 7-бағанында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі.

    4-7. Нысанның 8-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәсілі көрсетіледі.

    5. Нысанның 9-13-бағандарында әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер көрсетіледі:

    5-1. Нысанның 9-бағанында сатып алуға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі.

    5-2. Нысанның 10-бағанында әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    5-3. Нысанның 11-бағанында әлеуетті өнім берушінің заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

    5-4. Нысанның 12-бағанында өтінімдер беру күні, уақыты, өтінім берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

    5-5. Нысанның 13-бағанында сатып алу жеңімпазын көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген бағалар көрсетіледі.

    6. Нысанның 14-17-бағандарында өткізілген сатып алудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі:

    6-1. Нысанның 14-бағанында жарияланған сатып алу өткізілгені немесе өткізілмегені туралы мәліметтер көрсетіледі. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы себептер мен қабылданған шараларды көрсетуі қажет:

    1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;

    2) сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылды;

    3) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

    6-2. Нысанның 15-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып) көрсетіледі.

    6-3. Нысанның 16-бағанында өнім берушімен жасалған шарттың нөмірі және жасалған күні көрсетіледі.

    6-4. Нысанның 17-бағанында өткізілген сатып алудың нәтижелері бойынша жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат пайыздық мәнде көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.