Мәслихаттың 2020 жылғы 16 қыркүйектен № 442 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жітіқара ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 16 қыркүйектен № 442 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында «400 метрден жақын» сөздерін «800 метрден жақын» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы
Н. Уразалинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.