Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 114-тармағы «Әділ Қазақстан-Барлығы үшін және әрқайсысы үшін». Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 2-17-02/7151-И хаты; Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 05-21/4178 хаты негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізілсін:

    17-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

    «11) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;»

    17-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

    «12) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу;»

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алтынсарин ауданы әкімі

    А. Сартов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.