Жаңақорған ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген);
2) ««Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №151 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы
Ғ. ЖАРҚЫНБЕК
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.