«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 шілде 2024 ж.

    «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қостанай облыстық мәслихатының «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

    С. Ещанов

    Мәслихаттың

    2024 жылғы 12 шілдедегі

    № 150 шешіміне

    қосымша

    Қостанай

    облысы мәслихатының

    2022 жылғы «20» сәуірдегі

    № 172 шешіміне

    қосымша

    Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Реті бойынша номір
    Арнайы су пайдаланудың түрі
    Өлшем бірлігі
    Төлемақы мөлшерлемелері
    1
    Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер
    теңге/1 000 текше метр
    203,9
    2
    Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
    теңге/1 000 текше метр
    581,6
    3
    Ауыл шаруашылығы
    теңге/1 000 текше метр
    160,4
    4
    Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    теңге/1 000 текше метр
    160,4

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.