Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 шілде 2024 ж.

    Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11245 тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Б. Әбдіғалиұлы

    Ұлытау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы « » ____________ № _____

    қаулысына қосымша

    Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндері

    Тауарлар атауы
    Үшінші тоқсан (теңге)
    1
    Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
    293
    2
    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
    251
    3
    Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
    447
    4
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм
    453
    5
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
    676
    6
    Картоп, килограмм
    287
    7
    Асханалық сәбіз, килограмм
    305
    8
    Басты пияз, килограмм
    211
    9
    Ақ қауданды қырыққабат, килограмм
    214
    10
    Ақ қант - құмшекер, килограмм
    550
    11
    Күнбағыс майы, литр
    694
    12
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
    3055
    13
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм
    1604
    14
    Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр
    530
    15
    Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр
    566
    16
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
    4788
    17
    Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана
    612
    18
    Ас тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
    113
    19
    Сүзбе: майлылығы 5-9 %, килограмм
    2715

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.