Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 40/204-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 шілде 2024 ж.

    Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 40/204-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Түркістан қалалық мәслихатының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» 2018 жылғы 19 қарашадағы №40/204-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4800 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    Г. Сарсенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.