Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 шілде 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 01-12/292 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының 7 ауласына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Тарбағатай ауылдық округі әкімі

    Е. Ережепов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.