Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 шілде 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларында:

    5-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Жоғарғы штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейін әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге және ҰҚБО жедел кезекшісіне Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль техникасының легін 200 километрден артық пайдалану жоспарын жібереді.»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта пайдалану Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бекіткен тиісті айға арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

    мынадай мазмұндағы 17-1,17-2 және 17-3-тармақтармен толықтырылсын:

    «17-1. Ай сайын 20-сы күніне қарай әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде құрылымдық бөлімше үшін алдағы айға арналған 200 км артық қашықтыққа автомобиль көлігімен материалдық-техникалық құралдарды жеткізу жоспары ұсынылсын.

    17-2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы ай сайын 30-ы күніне дейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ға бекітуге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін алдағы айға арналған жоспарды ұсынсын.

    17-3. Әскер мен жүкті жоспардан тыс, кенеттен жеткізу Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚК Тыл бастығымен келісілгеннен кейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ның рұқсатымен жүзеге асырылсын.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (2023 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник

    Р. Жақсылықов

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2024 жылғы«___»_______

    № ____бұйрығына

    1- қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қарулы Күштерінің көлік

    құралдарын 200 километрден

    артық қашықтықта бақылауды

    және пайдалануды

    ұйымдастыру қағидаларына

    7-қосымша

    Нысан

    20_жылғы «___» _________200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану (жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрі мен басқа да мүлікті жеткізу) жоспары

    Күнделікті қызметті қамтамасыз ету
    Барлығы
    Барлығы бар
    ___ лек
    ___ лек
    Барлығы әскери техника
    ___ бірлік
    ___ бірлік
    ӘАП-ның бірге жүруімен
    ___ лек
    ___ лек
    Қарауылдың бірге жүруімен
    ___ лек
    ___ лек
    Оқ-дәрі мен қару-жарақты жеткізу
    ___ лек
    ___ лек
    1. Қоз­ға­лы­с­та­ғы ав­то­мо­биль ле­гі – ___
    АКТ – __, БТТ – __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құр­ғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, ОД – __)
    жет­кі­зі­ле­тін ж/қ – __ адам, қа­ра­уыл – __ (са­ны) / __ (адам) __ АҚ (ОД), __­бірл. АҚ (ОД)
    Р/с №
    әс­ке­ри бө­лім
    (ме­ке­ме)
    шы­ға­тын кү­ні,
    марш­ру­ты, қа­шық­тығы
    (екі ба­ғыт­қа)
    тех­ни­ка ата­уы (бар­лы­ғы АКТ, оның ішін­де мар­ка­сы бой­ын­ша), мақ­са­ты, жет­кі­зі­ле­тін мү­лік­тің ата­уы (са­ны, сал­ма­ғы)
    жол жө­не­кей жүк­тің жү­ру марш­ру­ты (жүк ата­уы, тн.)
    ТОП-ға ке­лу­ді жос­пар­лау кү­ні
    ор­на­ла­суы/тү­неу:
    (ел­ді ме­кен, ә/б, кү­ні, уа­қы­ты)
    бір­жол­ғы рұқ­сат­та­ма (жүр­гі­зу) нө­мі­рі, кү­ні және қол­да­ны­лу ке­зе­ңі
    ӘАП
    (іле­сіп жү­ру а/м са­ны)
    рей­сті жа­са­у­ға негіз
    (кү­ні, же­дел­хат , өкім №және т.б.)
    ерекше бел­гі­ле­рі:
    жө­нел­ту­ші – алушы,
    же­тек­ші­лер­дің ТАӘ(бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, тел., (бар­лы­ғы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); жет­кі­зі­ле­тін ж/қ
    (бар­лы­ғы: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); КБ ә/а ТАӘ (бар бол­са) (қа­ру/од)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    «____» Өң Қ (ӘКТ - 0)
    Кестенің жалғасы
    1. Шы­ғу­ға жос­пар­лан­ған ав­то­мо­биль ле­гі – ___
    АКТ __, БТТ __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құр­ғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, о/д – __)
    жет­кі­зі­ле­тін же­ке құ­рам – __ адам., қа­ра­уыл – __ (са­ны) / __ (адам) __ АҚ (о/д), __­бірл. АҚ (о/д)
    Р/с №
    әс­ке­ри бө­лім
    (ме­ке­ме)
    Шы­ға­тын кү­ні,
    марш­ру­ты, қа­шық­тығы
    (екі ба­ғыт­қа)
    тех­ни­ка ата­уы (бар­лы­ғы АКТ, оның ішін­де мар­ка­сы бой­ын­ша) мақ­са­ты, жет­кі­зі­ле­тін мү­лік­тің ата­уы (са­ны, сал­ма­ғы)
    жол жө­не­кей жүк­тің жү­ру марш­ру­ты (жүк ата­уы, тн.)
    ТОП-ға ке­лу­ді жос­пар­лау кү­ні
    ор­на­ла­суы/тү­неу:
    (ел­ді ме­кен, ә/б, кү­ні, уа­қы­ты)
    бір­жол­ғы рұқ­сат­та­ма (жүр­гі­зу) нө­мі­рі, кү­ні және қол­да­ны­лу­ке­зе­ңі)
    ӘАП
    (іле­сіп жү­ру а/м са­ны)
    рей­сті жа­са­у­ға негіз
    (кү­ні, же­дел­хат, өкім № және т.б.)
    ерекше бел­гі­ле­рі:
    жө­нел­ту­ші – алушы
    же­тек­ші­лер­дің ТАӘ (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, тел., (бар­лы­ғы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ азам.пер­со­нал); жет­кі­зі­ле­тін ж/қ
    (бар­лы­ғы: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); КБ ә/а ТАӘ (бар бол­са) (қа­ру/од)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    «____» ӨңҚ (ӘКТ - 0)

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2024 жылғы «___»_______

    № ____бұйрығына

    2- қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қарулы Күштерінің көлік

    құралдарын 200 километрден

    артық қашықтықта бақылауды

    және пайдалануды

    ұйымдастыру қағидаларына

    8-қосымша

    Нысан

    Бекітемін

    Құрылымдық бөлімшенің бастығы

    __________________________________

    (ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ ( бар болса)

    20 ___ ж. «___» _____________

    20__ жылғы __________ (ай) ҚР ҚК автомобиль көлігімен 200 км артық қашықтыққа материалдық-техникалық құралдарды жеткізу жоспары

    р/с №
    жет­кі­зу­ді мә­лім­де­у­ші, ә/б
    Жүк ата­уы
    Жүк мас­са­сы (са­ны), тон­на
    Ав­то­кө­лік бө­ле­тін әс­ке­ри бө­лім (ме­ке­ме)
    Бө­лі­не­тін кө­лік құ­ра­лы
    Жет­кі­зу марш­ру­ты
    Жжет­кі­зу ара­лы­ғы және рейс са­ны
    Жет­кі­зу мер­зі­мі
    Мо­то­ре­сурс шы­ғы­сы, мың
    Ке­рі ба­ғыт­та нені­жет­кі­зу жос­па рла­ну­да
    Ес­керт­пе
    Жүк ав­то­мо­би­лі
    Ав­то отын құю құ­ра­лы
    Тір­ке­ме
    Қай­дан (е.м., ә/б)
    Қай­да (е.м., ә/б)
    Ба­ста­луы
    Аяқ­та­луы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    10 
    11 
    12 
    13 
    14 
    15 
    16 
    БАР­ЛЫ­ҒЫ: ____ ав­то­мо­биль
    АКТ - ___ бір­лік (оның ішін­де: ав­то­мо­биль -____­бірл., тір­ке­ме - ____­бірл.).

    Жоспарды жасауға жауапты лауазымды адам ____________________________________ (ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2024 жылғы«___» _______

    № ____бұйрығына

    3- қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қарулы Күштерінің көлік

    құралдарын 200 километрден

    артық қашықтықта бақылауды

    және пайдалануды

    ұйымдастыру қағидаларына

    9-қосымша

    Нысан

    Қорғаныс министрінің бірінші

    орынбасары – Қазақстан

    Республикасы Қарулы

    Күштері Бас штабының

    бастығына

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы «__»_________ №___ бұйрығының ___-тармағына және ___________________________________________   сәйкес      

    (себепті және негізді көрсету)

    Сізден ҚР ҚК Тыл бастығына 2024 жылғы _________

    (ай)

    арналған 200 км артық қашықтыққа ҚР ҚК материалдық-техникалық құралдарын жеткізу жоспарына толықтырулар енгізу туралы нұсқау беруіңізді сұраймын.

    Қосымша: жеткізу жоспары – 1 дана, __ парақта, құпия емес, тек адресатқа.

    ________________________________________________________ (баянатты беруге өкілеттік берілген адамның лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    20__ жылғы __________ (ай) ҚР ҚК материалдық-техникалық құралдарын автомобиль көлігімен 200 км артық қашықтыққа жеткізу жоспары

    р/с №
    жет­кі­зу­ді мә­лім­де­у­ші, ә/б
    Жүк ата­уы
    Жүк мас­са­сы (са­ны), тон­на
    Ав­то­кө­лік бө­ле­тін әс­ке­ри бө­лім (ме­ке­ме)
    Бө­лі­не­тін кө­лік құ­ра­лы
    Жет­кі­зу марш­ру­ты
    Жет­кі­зу ара­лы­ғы және рейс са­ны
    Жет­кі­зу мер­зі­мі
    Мо­то­ре­сурс шы­ғы­сы, мың
    Ке­рі ба­ғыт­та нені жет­кі­зу жос­пар­ла­ну­да
    Ес­керт­пе
    Жүк ав­то­мо­би­лі
    Ав­то отын құю құ­ра­лыр
    Тір­ке­ме
    Қай­дан (е.м., ә/б)
    Қай­да (е.м., ә/б)
    Ба­ста­луы
    Аяқ­та­луы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
     
     
     
     
     
     
     
    БАР­ЛЫ­ҒЫ: ____ ав­то­мо­биль
    АКТ - ___ бір­лік (оның ішін­де: ав­то­мо­биль -____­бірл., тір­ке­ме - ____­бірл.)

    Жоспарды жасауға жауапты лауазымды адам ____________________________________ (ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ (бар болса)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.