Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Келес ауданы әкімдігінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі №197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5124 болып тіркелген) қаулысы;
2) Келес ауданы әкімдігінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5821 болып тіркелген) қаулысы.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келес ауданының әкімі
Ж. Агибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.