Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қаңтар 2026 ж.

    Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабына, 195-2-бабының 3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 825-бабына, «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 5-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 190), 191-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тіркелген бағалары бекітілсін.

    2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарышысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақтың 1),2),6), 8) тармақшалары алынып тасталсын;

    көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 6, 8 - қосымшалары алынып тасталсын.

    3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Ж. Мадиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрінің

    20___ жылғы ________ «___»

    №_________________

    бұйрығымен бекітілген

    Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы

    Та­у­ар­лар­дың ата­уы
    (жұ­мыстар, қыз­мет­тер)
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қыз­мет бір­лі­гі­нің ҚҚС-сыз құ­ны, тең­ге­мен
    1.
    Та­ғай­ын­да­у­ға ар­нал­ған іс ма­кет­те­рін қа­лып­та­сты­ру, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау (та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­ді қай­та қа­рау, тоқ­та­та тұ­ру, тоқ­та­ту, қай­та ба­стау және қай­та есеп­теу
    1 ма­кет
    1 121,40
    2.
    Та­ғай­ын­да­у­ға ар­нал­ған іс ма­кет­те­рін қа­лып­та­сты­ру, та­ғай­ын­дау (та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­ді қай­та қа­рау, мем­ле­кет­тік ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мін, жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін тоқ­та­та тұ­ру, тоқ­та­ту, қай­та ба­стау және қай­та есеп­теу
    1 ма­кет
    3 462,78
    3.
    Та­ғай­ын­да­у­ға ар­нал­ған іс ма­кет­те­рін қа­лып­та­сты­ру, та­ғай­ын­дау (та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­ді қай­та қа­рау, жәр­де­ма­қы­лар­ды тоқ­та­та тұ­ру, тоқ­та­ту, қай­та ба­стау және қай­та есеп­теу
    1 ма­кет
    1964,49
    4.
    Ин­фля­ция дең­гей­ін ес­ке­ре оты­рып, нақ­ты ен­гі­зі­л­ген мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның со­ма­сы мен Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­рын­да­ғы зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның со­ма­сы ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ның мөл­ше­рін ай­қын­дау
    1 ма­кет
    714,00
    5.
    Тө­ле­у­ші­лер­ден әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды уа­қы­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­ле­ме­ге­ні үшін әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды және (неме­се) өсім­пұл­дар­ды ауда­ру, әле­умет­тік тө­лем­дер мен олар­дан ұстал­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның ар­тық есеп­тел­ген (тө­лен­ген) со­ма­ла­рын Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на олар Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның шо­ты­на түс­кен күн­нен кей­ін­гі бір опе­ра­ци­я­лық күн­нен ке­шік­тір­мей қай­та­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    34,39
    6.
    Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын және (неме­се) агент­тер­ден алы­на­тын өсім­пұл­дар­ды Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на ауда­ру және ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да тө­ле­не­тін әле­умет­тік тө­лем­ді алушы­лар­ға қо­сым­ша бел­гі­лен­ген, бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен суб­си­ди­я­ла­на­тын мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на ауда­ру;
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    34,39
    7.
    Ко­мис­си­я­ны есеп­ке ал­ма­ған­да, Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем­дер­ді ұй­ым­да­сты­ру
    1 тө­лем
    114,69
    8.
    Ко­мис­си­я­ны ес­ке­ре оты­рып, Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем­дер­ді ұй­ым­да­сты­ру
    1 тө­лем
    265,69
    9.
    Жет­кі­зу­ді ес­ке­ре оты­рып, Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан әле­умет­тік тө­лем­дер­ді ұй­ым­да­сты­ру
    1 жет­кі­зу
    433,80
    10.
    Ко­мис­си­я­ны есеп­ке ал­ма­ған­да, Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан зей­не­та­қы тө­лем­де­рін ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 тө­лем
    26,55
    11.
    Ко­мис­си­я­ны ес­ке­ре оты­рып, Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан зей­не­та­қы тө­лем­де­рін ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 тө­лем
    177,55
    12.
    Жет­кі­зу­ді ес­ке­ре оты­рып, Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қа­ра­жа­ты­нан зей­не­та­қы тө­лем­де­рін ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 жет­кі­зу
    345,66
    13.
    Ко­мис­си­я­ны есеп­ке ал­ма­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мін, жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры үшін зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, жәр­де­ма­қы­лар­ды, бір­жол­ғы және өзге де тө­лем­дер­ді ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 тө­лем
    114,69
    14.
    Ко­мис­си­я­ны ес­ке­ре оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мін, жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры үшін зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, жәр­де­ма­қы­лар, бір­жол­ғы және өзге де тө­лем­дер тө­ле­уді ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 тө­лем
    265,69
    15.
    Жет­кі­зу­ді ес­ке­ре оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мін, жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры үшін зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, жәр­де­ма­қы­лар, бір­жол­ғы және өзге де тө­лем­дер тө­ле­уді ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
    1 жет­кі­зу
    433,80
    16.
    Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның қа­ра­жа­ты Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның шо­ты­на түс­кен күн­нен кей­ін­гі бір опе­ра­ци­я­лық күн­нен ке­шік­тір­мей тө­ле­у­ші­лер­ге әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың және (неме­се) өсім­пұл­дар­дың ар­тық (қа­те) тө­лен­ген со­ма­ла­рын уа­қы­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­ле­ме­ге­ні үшін қай­та­ру­ды қам­та­ма­сыз ету
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    1 757,33
    17.
    Мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су­шы үшін тө­лен­ген әле­умет­тік ауда­рым­дар со­ма­сын тө­ле­у­ші­ге қай­та­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    242,23
    18.
    Агент­ке және (неме­се) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­нан оның өті­ні­ші бой­ын­ша мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын және (неме­се) өсім­пұл­дар­ды қай­та­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    1 080,59
    19.
    Де­ректе­ме­ле­рін­де қа­те­лік­тер жі­бе­рі­л­ген тұ­лға­лар­дың мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­рын және (неме­се) өсім­пұл­да­рын агент­ке қай­та­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    243,32
    20.
    Зей­не­та­қы жи­нақ­та­ры­ның құ­пи­я­сын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­рын ес­ке­ре оты­рып, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­ме­ті­нің түр­ле­рі бой­ын­ша же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер ұсы­ну
    1 ақ­па­рат
    123,39
    21.
    Тө­ле­у­ші­лер­ге әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың жай-күйі мен қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы, сон­дай-ақ мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су­шы­лар­ға та­ғай­ын­дал­ған әле­умет­тік төлем­нің со­ма­сы ту­ра­лы не оны та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
    1 ақ­па­рат
    117,46
    22.
    Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер ба­за­сын то­лық­ты­ру және өзек­тен­ді­ру және мем­ле­кет­тік ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мін, зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, жәр­де­ма­қы­лар­ды, бір­жол­ғы және өзге де тө­лем­дер­ді алушы­лар­ды дер­бес­тен­ді­рі­л­ген есеп­ке алу
    1 ақ­па­рат
    251,77
    23.
    Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на, әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на, Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы қор­ға және тө­ле­у­ші­нің тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша ти­іс­ті бюд­жет­ке бі­рың­ғай тө­лем со­ма­сын бө­лу және ауда­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    51,71
    24.
    Қа­те (ар­тық) тө­лен­ген бі­рың­ғай тө­лем со­ма­ла­рын қай­та­ру­ды жү­зе­ге асы­ру
    1 тө­лем тап­сыр­ма­сы
    786,20
    Ескерту:
    ҚҚС-қосылған құн салығы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.